AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Жазда жұмыстың да өз ырғағы бар

Жазда жұмыстың да өз ырғағы бар

Мұны білген жөн 16.07.2026, 14:31 366
Жазда жұмыстың да өз ырғағы бар
ашық дереккөз

Жаз келсе болды, көпшіліктің ойы демалысқаауады. Күн шуағы мен жаймашуақ ауа райыжұмысқа деген ынтаны бәсеңдететіні рас. Әсіресекеңседе жұмыс істейтіндер үшін ыстық күндеріжұмысқа деген құлшынысты жоғалтпау оңайға соқпайды. Дегенмен бірқатар қарапайым әдеттереңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.Мәселен:

Таза ауаға шығып тұрыңыз

Аптап ыстықта ұзақ уақыт бір орында отырыпжұмыс істеу адамды тез қажытады. Кондиционердің салқыны әрдайым сергітебермейді. Сондықтан жұмыс арасында 10-15 минут таза ауаға шығып, аздап серуендепқайтуды әдетке айналдырған жөн. Мұндай қысқаүзіліс ойды сергітіп, зейінді қайташоғырландыруға көмектеседі. Егер мүмкіндікболса, оны түскі үзіліске орайластырған тиімді.

Суды жеткілікті мөлшерде ішіңіз

Күн ысығанда салқын кофе немесе мұздай сусынішкіңіз келетіні түсінікті. Алайда шөлді кофе емес, қарапайым су жақсы басады. Оған лимон немесе жалбыз қоссаңыз, әрі сергітеді, әрі ағзағапайдалы. Ыстық күндері кофеинді шамадан тыстұтыну мазасыздықты күшейтіп, жүрекке салмақтүсіруі мүмкін. Ал ағзадағы су мөлшерінің азаюыадамның ойлау қабілетіне де әсер етеді: зейінтөмендеп, тез шаршап, бас ауыра бастайды.

Маңызды жұмыс алдында сергіп алыңыз

Жұмысқа кіріспес бұрын бетіңізді салқын суменжуып жіберіңіз. Бұл қарапайым тәсіл бойдысергітіп, ойды жинақтауға көмектеседі.

Цифрлық мүмкіндіктерді тиімдіпайдаланыңыз

Қазіргі технологиялар күнделікті жұмысты едәуіржеңілдетеді. Онлайн кездесулерде артық шудыазайтатын немесе жиынның негізгі мазмұнынқысқаша қорытындылап беретін қызметтердіпайдалансаңыз, уақытты үнемдейсіз әріназарыңызды ұсақ-түйекке емес, әңгімебарысына аудара аласыз.

Ойыңызды шашыратпаңыз

Жаздың ыстығында адам ағзасы энергияныүнемдеуге тырысады. Сондықтан бірнешежұмысты қатар атқару тез шаршатып жібереді. Әріптесіңізді тыңдап отырып, телефондағы хабарламаға жауап беру немесе әлеуметтік желініақтару жұмыс сапасын төмендетеді. Маңыздыкездесу кезінде қажетсіз хабарламаларды өшіріп, бар назарыңызды сол әңгімеге аударыңыз. Сонда ақпаратты жақсы қабылдап, күн соңында өзіңіздіәлдеқайда сергек сезінесіз.

Жаз – өзіңізді шамадан тыс қинап, барлық істі бірмезетте бітіруге ұмтылатын уақыт емес. Керісінше, жұмыс пен демалыстың арасындағытепе-теңдікті сақтап, жаныңыздың қалауына ден қоятын мезгіл. Денсаулыққа мұқият қарап, заманауи цифрлық құралдардың мүмкіндігінтиімді пайдалана білсеңіз, жұмыс та өнімдіболады, сондай-ақ жаздың шуақты күндеріненалар әсеріңіз де арта түседі.

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);