Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар...

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Әлеумет Бүгін 09:42 25
Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты
фото: видео скрині

Орал қаласында туған екі ағайынды Аманбек пен Жетпісбай 54 жылдан кейін алғаш рет қайта қауышты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, аналары қайтыс болғаннан кейін төрт баланы туыстары балалар үйіне тапсырған. Кейін денсаулығына байланысты үш жастағы Аманбек басқа мекемеге ауыстырылып, содан бері ағайындылардың байланысы үзіліп кеткен.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы басшысының орынбасары Әсемгүл Қашқынбаева Аманбектің бүгінге дейін осы мекемеде тұратынын айтты. Орталықта қарт адамдарға, I–II топ мүгедектігі бар азаматтарға, сондай-ақ 18 жастан асқан психоневрологиялық ерекшелігі бар жандарға стационарлық көмек көрсетіліп, тұрақты күтім мен тұру жағдайы қамтамасыз етіледі.

Ал ағасы Жетпісбай осы жылдар бойы бауырын іздеумен болған. Іздестіру жұмысы Аманбектің тегі өзгеріп кеткендіктен қиындай түскен. Дегенмен ағасы үмітін үзбей, іздеуін тоқтатпаған.

Бірнеше күн бұрын Жетпісбай Ақтөбе қаласынан орталыққа қоңырау шалып, бауырын табуға жәрдем сұраған. Орталық қызметкерлері тұрғындардың тізімін қайта қарап, құжаттарды мұқият салыстырып, ізделіп жүрген адамның расымен Оралда екенін анықтайды. Осылайша жарты ғасырдан астам уақыт бұрын үзілген байланыс қайта жалғанған.

Міне, көптен күткен кездесу. 54 жылдан кейін ағайындылардың бір-біріне алғаш рет көз тастаған сәтін сөзбен жеткізу қиын. Олар ұзақ уақыт үнсіз тұрды. Тағдыр ұрлаған уақыттың орнын үнсіздікпен толтырғандай. Көздерін жас шарпыды: қуаныштың да, ауырсынудың да, алғыстың да, жоғалған жылдарға деген сағыныштың да жасын көргендей болдық. Уақыт оларды ажыратқанымен, бауырға деген сезімді өшіре алмады", — деді Әсемгүл Қашқынбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жүздесу орны #сағыныш #Орал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.