AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Жаңбыр, найзағай: бүгін еліміздің басты қалаларынд...

Жаңбыр, найзағай: бүгін еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Алматы 03.04.2026, 08:39 1,330 Дина
Жаңбыр, найзағай: бүгін еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

3 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысы мен оңтүстігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жауын-шашын күшейіп, бұршақ түсіп, жел екпін алуы мүмкін, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мәліметінше, елдің басым бөлігінде ауқымды антициклонның ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік аймақтарда көктайғақ болуы ықтимал.

Синоптиктер Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Жамбыл облысының орталығында, сондай-ақ Жетісу мен Алматы облыстарының солтүстігі және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болатынын ескертті.

Елордалықтар үшін 3 сәуір жауын-шашынсыз өтеді: Астанада күндіз ауа температурасы +19…+21°C-қа дейін көтеріледі. Алматыда +25…+27°C, ал Шымкентте +27…+29°C жылы болады.

Батыс өңірлердің ішінде Ақтөбеде ғана жаңбыр күтіледі. Мұнда күндіз ауа температурасы +12…+14°C шамасында болады. Ал Қызылордада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Солтүстік және шығыс өңірлерде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алайда Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл және Өскеменде тұман түсіп, кей жерлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн жылы болады. Қонаев, Тараз, Талдықорған және Түркістанда күндіз ауа температурасы +26…+29°C аралығында сақталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);