AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа Конституция – Қазақстанның берік негізі

Жаңа Конституция – Қазақстанның берік негізі

Әлеумет 16.06.2026, 12:15 120 yakiya
Жаңа Конституция – Қазақстанның берік негізі

Биыл тарихи маңызы бар құжат – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы ұсынылды. Бұл XXI ғасырдағы ұлт дамуының стратегиялық картасы.

Білім, ғылым және инновация жаңа деңгейге көтеріледі

Алғаш рет білім, ғылым және инновациялар Конституция жобасының кіріспесінде тікелей бекітіліп отыр.

Неліктен бұл маңызды?

Кіріспе– мемлекеттің стратегиялық бағдарларын, ұзақ мерзімді басымдықтарын және бүкіл құқықтық жүйенің мағыналық бағыттарын айқындайды. Сонымен қатар, алғаш рет конституцияның негіздерінде (3-бап, 2-тармақ) бұл құндылық нақты әрі тікелей бекітіліп, мемлекеттің стратегиялық қызмет бағыты ретінде танылады. Бұл – жай декларация емес, ең жоғары құқықтық ұстаным.

Заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің барлық тармақтары өз саясатын осы басымдықты ескере отырып құруы тиіс.

Сапалы және қолжетімді білім алудың конституциялық кепілдіктері

33-бап әлеуметтік кепілдіктерді одан әрі нығайтады:

  • Орта білімнің міндетті әрі тегін болуы сақталады;

  • Мемлекеттік жоғары оқу орындарында тегін жоғары білім алудың конкурстық негізде берілуі әділдік пен дарынды жастарды іріктеуді қамтамасыз етеді;

  • Мемлекеттік білім беру стандарттары (4-тармақ) Қазақстанның бүкіл аумағында білім беру кеңістігінің бірлігін және білім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді;

  • Маңызды қағидат – білім беру жүйесінің зайырлы сипаты (5-тармақ), бұл еркін ғылыми ізденіс пен оқыту үшін бейтарап әрі зияткерлік ортаны сақтауға мүмкіндік береді.

Шығармашылық еркіндік пен зияткерлік меншікті қорғау – прогрестің қозғаушы күші

23-бап ғылыми және техникалық шығармашылық еркіндігін тікелей кепілдендіреді. Бұл – батыл ғылыми болжамдардың, іргелі зерттеулердің және технологиялық серпілістердің негізі.

Зияткерлік меншікті қорғаудың атап өтілуі (2-тармақ) ғалымдарымыздың әзірлемелерін коммерцияландыруға, стартаптар мен шағын инновациялық кәсіпорындар құруға құқықтық негіз қалайды.

Осылайша университет тек кадр даярлайтын орын ғана емес, экономика үшін жаңа технологиялар мен идеялар өндіретін орталыққа айналады.

Экологиялық мәдениет – конституциялық құндылық

Конституция жобасында табиғатқа ұқыпты қарау ел дамуының негізгі бағдарларының қатарына шығарылған. Қазақстан халқы экологиялық жауапкершіліктің болашақ дамудың негізі екенін тікелей мойындайды.

Бұл – түбегейлі жаңа көзқарас. Экология қосалқы мәселе ретінде емес, өмір сапасымен, экономикалық дамуымен және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікпен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың дербес әрі ерекше бағыты ретінде қарастырылады.

Мұндай тұжырымдама технологиялық прогресс, білім мен ғылым табиғатты қорғау және ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттарымен ажырамас байланыста болатын орнықты даму философиясын қалыптастырады.

Адами капитал мен қадір-қасиет – ең жоғары құндылық

Конституция жобасы адамның өмірі, құқықтары мен қадір-қасиеті (1-бап) басты орында тұратын жүйені дәйекті түрде қалыптастырады. Бұл қағидат Негізгі Заңның бүкіл мәтіні арқылы өтіп, мемлекеттің дамуына гуманистік бағыт береді.

Жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі, адам қадір-қасиетіне құрмет, ақпаратқа қолжетімділік (21-бап) азаматтың шығармашылық, ғылыми және зияткерлік әлеуетінің толық ашылуына жағдай жасайды.

Дәл осындай тұлға- білімді, еркін, сыни ойлай алатын әрі жауапты азамат- ел дамуының басты құндылығы және негізгі ресурсы ретінде қарастырылады. Бұл- университет қауымдастығы жаңа Негізгі Заңмен толық бөлісетін мақсат.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1 шілдеден бастап Жаңа Конституция күшіне енеді

Бүгін 12:10

Берік отбасы мен мықты қоғам жауапты әке болудан басталады - сарапшылар пікірі

Бүгін 12:01

Алматыдағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына 18 мыңнан астам зейнеткер қатысады

Бүгін 11:23

Чемпиондарға ақшалай сыйақы төлеу тәртібі нақтыланды

Бүгін 11:09

Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ іске қосылады

Бүгін 10:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);