AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Зейнетке шығу жасын азайту емес, зейнетақыны көбей...

Зейнетке шығу жасын азайту емес, зейнетақыны көбейту мәселесін шешуіміз керек - Тамара Дүйсенова

Әлеумет 12.08.2022, 14:30 1,545 Almaty-akshamy
Зейнетке шығу жасын азайту емес, зейнетақыны көбейту мәселесін шешуіміз керек - Тамара Дүйсенова
Сурет: Inform.kz

Мәселе Үкіметте қаралып жатыр


Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қоғамда жиі талқыға түсетін мәселелердің бірі – әйелдердің зейнет жасын қысқартуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, әйелдердің қазір 63 жасты күтпей зейнет демалысына шығуға мүмкіндігі бар. Егер 5 баласы болса, заң бойынша 53 жасында зейнеткерлікке шыға алады. Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер де зейнетақы қорындағы жинағы жететін болса, биыл 51 жарым жасында зейнетақы ала алады.



«Бүгін әйелдермен де кездестік. Олар менің, мен олардың ұсынысын тыңдадым. Ең негізгі мәселе – біз қай жаста зейнетке шықсақ, зейнетақымыз алып жүрген еңбекақымыздың көлеміне сәйкес болады?
Бізде 50 мен 60 жас аралығындағы 967 мыңнан астам әйел бар. Солардың 339 мыңы бүгінде экономиканың барлық салаларында еңбек етіп жүр. Олардың еңбекақысы 170 мың теңгеден асады. Оларға 58 жаста зейнетке шық деп айтсақ, алатын зейнетақылары әлдеқайда төмен болайын деп тұр. Себебі, біз ынтымақтастырылған жүйеден алатын зейнетақыны 1998 жылға дейінгі еңбек өтілімен есептейміз. Ал, ол еңбек өтілі қазір азайып қалды. Сондықтан, бүгінгі кездесуде мен әйелдерге зейнетақыны көтеру мәселесін шешу қажеттігін айттым, бұл мәселе қазір Үкіметте қаралып жатыр», - дейді Тамара Дүйсенова.



Министрдің айтуынша, жұмыс істемейтін әйелдерге қатысты да мәселе бар. Олардың зейнетақысы төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді.



«Әйелдердің бұл санатына төмен қойсақ та, жоғары қойсақ та, биыл шығатын болса 24 700 теңге көлемінде алады. Сондықтан, биыл Үкімет тарапынан «Күміс жас» деген жаңа бір жоба басталды. Оны мен министрлікке келгеннен кейін қолдадым. 61 жастағы жандарға арналған. 58 жастан бастап көреміз, мүмкін жұмысқа тартамыз. Онда алатын қаражатының көлемі 91 мың 500 теңге болса, ендігі жылы 100 мыңнан асады. Сөйтіп, 5 жылдық еңбек өтілі және зейнетақы жинағы пайда болады», - дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.



Тамара Дүйсенованың айтуынша, зейнетақыны көтеру мәселесі қазір Үкімет тарапынан қолдау тауып жатыр, ал зейнет жасын азайту жан-жақты қаралады. Жұмыс тобы айдың соңында тағы бір кездеседі.



«Тағы да қайталап айтамын, біздің міндетіміз – зейнет жасын төмендетіп, аз зейнетақы алу емес, қайсы жаста шықсақ та, күнкөріс деңгейіне жететін зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі бірінші тұруы керек», - деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тамара Дүйсенова #Зейнет жасы #төлем #әйелдер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);