AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Зейнетақы жинағын енді 100% өзіңіз басқара аласыз

Зейнетақы жинағын енді 100% өзіңіз басқара аласыз

Әлеумет 29.06.2026, 10:29 396
Зейнетақы жинағын енді 100% өзіңіз басқара аласыз

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің ФБ парақшасында жазды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"Зейнетақы жинағын енді 100% өзіңіз басқара аласыз. Кеше Сенат біздің бастамамызбен енгізілген норманы мақұлдады. Енді әр адам өз зейнетақысын кімге басқарту керектігін, жақсы табыс әкелуі үшін қалай инвестиция жасау қажеттігін өзі шешеді. Жинақталған ақшаңызды бұрынғыдай Ұлттық банктің басқаруында қалдыруға немесе қаражатыңыздың 100%-ын арнайы қаржы компанияларына басқаруға беруге болады", деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Бұл не үшін керек?

Қазір ай сайын аударатын 10% зейнетақы жинағымызды Ұлттық банк басқарады, яғни инвестициялайды. Олар ақшаны көбінесе сенімді, бірақ табысы аздау мемлекеттік жобаларға, Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарына салады (Ұлттық банк жалпы алғанда жақсы жұмыс істеп жатқанын ерекше атап өткім келеді). Ал арнайы басқарушы компаниялар бәсекелестік ортада ақшаңызды табысы әлдеқайда көбірек басқа бағыттарға салып, көбейтіп беруі мүмкін.

Жаңа заң сізге не береді?

Толық еркіндік. Бұрын жинақтың тек 50%-ын ғана арнайы компанияларға басқаруға беруге рұқсат еді. Енді бұл шектеу жоқ. Барлық ақшаңызды кімге сеніп тапсыратыныңызды тек өзіңіз шешесіз. Яғни, арнайы өтініш жазып, қаражатыңызды басқаратын және оны инвестициялайтын ұйымды өзіңіз анықтайсыз.

Табысты көбейту мүмкіндігі де енді кеңейеді

Жинақтарыңызды қандай стратегиямен инвестициялайтынын, оның қалай жұмыс істейтінін енді өзіңіз таңдайсыз. Мысалы, жинақталған 5 млн теңгеңіз болса, оның бір бөлігін кірісі көп, тәуекелі де көп стратегиямен, екінші бөлігін кірісі орташа, бірақ тәуекелі де орташа, ал қалғанын өте сенімді (табысы аз болса да, тұрақты) бағытқа бөліп салуға болады. Осындай тетікті де ұсындық.

Ақшам күйіп кетпей ме?

Заң бойынша, басқарушы компаниялар сіздің берген негізгі сомаңыздың ешқайда жоғалмауына толық кепілдік береді. Оның үстіне, олардың жұмысын Ұлттық банк пен мемлекет қатаң қадағалап отырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Зейнетақы жинағы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);