AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Зейнетақы жинағын пайдалану бойынша халыққа үндеу...

Зейнетақы жинағын пайдалану бойынша халыққа үндеу жасалды

Әлеумет 10.12.2021, 15:28 1,237
Зейнетақы жинағын пайдалану бойынша халыққа үндеу жасалды
Сурет: Inform.kz

Ералы Тоғжанов зейнетақы жинағын пайдалану бойынша халыққа үндеу жасады


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысы зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру мерзімін ұзарту шешімі бойынша халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Оның айтуынша, 2022 жылғы 1 сәуірге дейін шамамен 500 мың азаматқа өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін: тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, құны жоғары емделу ақысын төлеуге немесе жеке басқарушы компанияларға беру мақсатында пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жыл соңына дейін зейнетақы жинақтары есебінен «Отбасы банктегі» депозитті толықтыру функциясы іске қосылады.



«Бүгін Президенттің тапсырмасын жедел орындау мақсатында жинақтардың шекті межесін көтеру мерзімін ұзарту туралы Үкімет шешімінің жобасы әзірленді, ол жақын арада қабыданатын болады. Осы күнге дейін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығын 606 мыңнан астам адам барлығы 2,2 трлн теңге көлемінде қолданды», - деді Ералы Тоғжанов.



Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсартуға – 527,2 мың адам (2 трлн астам теңге), емделу ақысын төлеуге – 75,7 мың адам (68 млрд теңге) берілген. Ал 3,2 мың адам 5 млрд теңге болатын жинақтарын жеке басқарушы компанияларға берген.



«Бұл ретте зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтардың зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі жеткілікті табысын қамтамасыз ету екенін атап өткім келеді. Сондықтан, шектілік деңгейі де көтерілген болатын. Азаматтарымыз жинақтың шекті межесінен жоғары сомаларды пайдалану олардың болашақ зейнетақысының мөлшерін едәуір қысқартатынын түсінуі тиіс. Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесі болашақ зейнеткерлердің мүдделерін қорғау үшін белгіленеді. Сол себепті бұл мүмкіндікті ақылмен пайдалану керек деп ойлаймын. Аса мұқтаж болғанда, емделу немесе пәтер алу қажет болғанда осы мүмкіндікке жүгінген жөн», - деді Е.Тоғжанов.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #жинақ #Үндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);