AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Зейнетақы жинағын бала еміне жұмсауға рұқсат етілм...

Зейнетақы жинағын бала еміне жұмсауға рұқсат етілмек

Әлеумет 28.02.2022, 10:48 1,518
Зейнетақы жинағын бала еміне жұмсауға рұқсат етілмек
Сурет: Stan.kz

Қазақстанда ата-аналар біржолғы зейнетақы төлемдерін баласын емдетуге жұмсай алады


Мұндай өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына енгізілмек, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«Алушыларға біржолғы зейнетақы төлемдерін өз баласын емдеуге пайдалануға жол беріледі», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ашық нормативтік-құқықтық актілер порталына орналастырылған бұйрығының жаңа редакциясында.


Құжаттың жаңа редакциясына сәйкес:


- өтініш беруші қорытындыны алғаннан кейін медициналық ұйымды (соның ішінде шетелдік ұйымды қоса алғанда) таңдайды;


- шарттың сканерленген нұсқасын немесе төлем шотын әрі қарай бекітеді;


- уәкілетті оператордың интернет-ресурсындағы өзінің жеке кабинетінде дәрігерлік комиссияның қорытындысын қоса бере отырып, онымен медициналық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады.


Алушы ұсынған біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатына сәйкес келген кезде, уәкілетті оператор алушыдан құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын тексереді. Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы пайдаланылуын растайтын құжаттар мыналар: медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтер көрсету туралы шарт және (немесе) дәрілік заттарды сатып алуға сатушы мен алушы арасындағы шарт.


Медициналық қызметтерді шетелде алу кезінде деректемелерді (төлем шотын) және (немесе) медициналық ұйым мен алушы арасында жасалған медициналық қызметтерді көрсету туралы шартты (құжаттар шет тілінде жасалған жағдайларда нотариалды куәландырылған аудармасын қоса бере отырып) көрсете отырып, төлемді жүзеге асыру үшін қажетті құжатты ұсынуға жол беріледі.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#зейнетақы #біржолғы төлем #бала емдету
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);