Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Зейнелхан МҰХАМЕДЖАН: Қазақтың сәндік-қолданбалы ө...

Зейнелхан МҰХАМЕДЖАН: Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері асқан төзімділік пен шеберлікті талап етеді

Әлеумет 18.03.2024, 07:26 1,317
Зейнелхан МҰХАМЕДЖАН: Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері  асқан төзімділік пен шеберлікті талап етеді
almaty-akshamy.kz

Қазақта ұмыт бола бастаған қолөнер түрлері көп. Солардың бірі – дәстүрлі біз кесте тігу өнері. Қазақпен бірге жасасқан төл өнерімізді басқа қырынан танытып, заманауи өнермен ұштастырып жүрген суретші Зейнелхан Мұхамеджанмен әңгімелесудің сәті түсті.  


Дәстүрлі біз кесте тігу өнерінің негізін қалаушы Зейнелхан ағаның айтуынша, кейінгі кездері біз кесте жақсы сұранысқа ие болып келеді. Бүгінде бұл салаға қызығатын, осы өнермен айналысқысы келетін жастар да көбейген.



– Менің біз кестемен айналысқаныма қырық жылға жуықтап қалды. Халқымыздың біз кестесі ғасырлар бойы қазақпен бірге жасады. Байырғы өнер өте күрделі қолөнер түрлерінің бірі. Қазақ халқының тарихында бейбіт өмірден гөрі, жаугершілік, арпалыста өткен кезең көп болған. Көшпелі заманда, қазақтың басынан өткен сан қилы қиындық салт дәстүріне, мәдениеті мен өнеріне де зиянын тигізді. Кейбірі өзгеріске ұшырады, кейбірі ұмытылды. Солардың бірі – біз кесте өнері. Көшіп-қонып жүрген қазақ құнды, асыл дүниелерінің біразын жоғалтты. Одан беріректе, Кеңес үкіметі тұсында қазақ елінде күнделікті қолданыстан шығып, халық бізбен кесте тігуді  ұмыта бастады. Оның орнын арзанқол дүниелермен алмастырды. Жасанды кілемшелер, арнайы техникамен тоқылған алашалар шыға бастады. Өнер құлдырап, шеберлер азайды.



Тоқсаныншы жылдары қолөнермен айналыса бастаған шағымда қолым бос кезде, кесте тігетінмін. Қолыма жиі біз алып, кесте тігіп жүргендіктен,  осы өнерге қызығушылығым арта бастады. Сөйтеп, кестемен жақсы бір дүние жасап көрсем деген ой келді. Алғаш рет кішкентай дүние тігіп, туындымды 1986 жылы Моңғолиядағы жас суретшілер көрмесіне ұсындым. Біз кестемен жасаған алғашқы туындым болса да, сол кезде өнер зерттеушілері тарапынан қызығушылық болды. Ерекше техникамен орындалған сол жұмысым көптің көзіне түсті. Жақсы пікірлер айтылды. Содан бастап, өнер жолындағы негізгі, нақты бағытым айқындалды. Оған дейін айналысқан қолөнердің басқа түрлерін сырып қойып, өте сирек кездесетін біз кесте тігу өнерімен айналыса бастадым. Содан бері, міне, 40 жылға таяп қалыпты. Осы уақыт аралығында қаншама дүниелер жасалды.



Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері асқан шыдамдылықты, ептілік пен шеберлікті талап ететін күрделі жұмыс, – дейді Зейнелхан Мұхамеджан.


Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, көркем біз кестенің негізін қалаушы Зейнелхан ағадан алған сұхбаттың толық нұсқасын Almaty aqshamy газетінің алдағы нөмірлерінен оқи аласыздар...



Жазып алған – Гүлжанат СЕМБАЕВА.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #қолөнер #Дәстүр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.