Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Зәулім зират өліге керек пе, әлде тіріге керек пе?...

Зәулім зират өліге керек пе, әлде тіріге керек пе?..

Әлеумет 05.08.2023, 06:44 1,062
Зәулім зират өліге керек пе, әлде тіріге керек пе?..
informburo.kz

Біз мінген жүрдек пойыз шағын стансадан өтіп бара жатты. Елдімекеннен ұзай бере зираттар көрінді. Арасындағы ең зәулімі, алтын түстес күмбезі күн көзімен шағылысып, жарқ-жұрқ етіп алыстан-ақ бірден көзге ұрды. Сондағы кішкентай қызымның қойған сауалы ғой:


– Анашым, бұл адам сонда осы қайтыс болған кісілердің ішіндегі ең мықтысы, «главныйы» болған ба?


Мен қапелімде қайтарар жауап таппай қалдым.


Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы бұдан былай бейіт басына зәулім сарай салып, марқұм үшін үлкен жерді алуға тыйым салмақ.


Басқарма жанынан ашылған «Қамқор-шапағат» орталығы бірнеше облыстың мәслихатына осындай ұсыныс жолдапты. Егер бұл ұсыныс депутаттар тарапынан қолдау тауып жатса, 20 аймақтағы зират заңдылығы өзгеруі мүмкін.



«Қабірге жерленген кісінің кім екенін айқындау мақсатында және жүргіншілер тарапынан тапталып, аяқасты болмауы үшін оған шағын белгі қоюға рұқсат. Құлпытас биіктігі 1 метр, ені 50 сантиметрден аспауға тиіс. Құлпытасқа марқұмның аты-жөні, туған жылы мен қайтыс болған уақыты жазылса жеткілікті. Құлпытасқа марқұмның суретін қоюға рұқсат етілмейді», – дейді «Қамқор-шапағат» орталығының директоры Мейрамбек Қабыбекұлы



***


Ал біздің бұл тұрғыда көзқарасымыз бірден өзгере қояр ма екен? Кеше бір танысымыздың қайтыс болған әкесіне 5 миллион теңгенің құлпытасына тапсырыс бергенін естідік. Иә, бейіт салу бәсекеге айналып кеткені жасырын емес. Егер байқап жүрген болсаңыз, тірі адамда жоқ зәулім үйлер бар. «Алдараспандағы» Нұржан Төлендиевтің бұл туралы «евро мола» деп әжуалағаны еске түсе кетуі де заңдылық.


Дін өкілдері бейітті әспеттегеннен марқұмға келіп-кетер пайда жоғын айтады. Олардың айтуынша, қайта сол қаржыға жетім-жесірге көмек берген әлдеқайда абзал.


***


Осы сәтте осыдан бірнеше жыл бұрынғы, Талдықорған жақтың азаматы, имам Марат Қанатұлының айтқаны есіме орала кеткені.


– Бейіт – барша адамның Жаратушы алдында тең екендігін, бай мен кедейдің, жас пен кәрінің, күшті мен әлсіздің бір-бірінен артық еместігін, имандылық секілді ізгі қасиеттермен ғана биік тұратынын көрсететін ғибрат мекені. Әке-шешеңе құрметіңді тірісінде көрсеткен абзал. Ал өлгеннен кейінгі сарайдай ғып тұрғызған бейітің тек өзіңнің ауқаттылығыңды, өзіңді көрсетіп тұрған мақтаншылығың!..


***


Байырғы кезде ересек адам бейітіне найза (сындырылғаны да болуы мүмкін), әйел адамның бейітіне бақан, піспек немесе ұршық, қыз бейітіне арқан, уық, ал жас нәресте бейітіне бесік қойылған.


Бейіт, мола жанынан өткен атты жолаушы тоқтап, аялдамайтын жағдайда оң жақ аяғын үзеңгіден шығарып бет сипай ниет еткен. Аяғын үзеңгіден шығару ырымы «аттан түстім» дегенді білдіреді.


Қазір де зираттарды көрсек, міндетті түрде іштей дұға жасап, бет сипаймыз. Жеңіл көлікпен келе жатсақ, кейде арнайы тоқтап, ниет етеміз. Тіпті, жас балалардың да автобуста келе жатып бет сипайтынына сүйсініп қалатынымыз бар. Имандылық деген, міне, осы!


«Аlmaty-akshamу», №93, 5 тамыз, 2023 жыл


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күмбез #Дәстүр #адам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.