Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Заңсыз қоқыс төккендерге салынатын айыппұл артады

Заңсыз қоқыс төккендерге салынатын айыппұл артады

Әлеумет 17.08.2023, 02:37 1,074
Заңсыз қоқыс төккендерге салынатын айыппұл артады
Сурет: ашық дереккөз

Заңсыз қоқыс полигонына қатысты заңнаманы қатаңдату мәселесі қарастырылуда.


Белгіленбеген жерге қоқыс төккен азаматтар үшін айыппұл мөлшерін 69 мың теңгеден 345 мың теңгеге ұлғайту көзделіп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Биыл ел көлемінде 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс алаңдары анықталды. Жауапты  мамандар үйінділер саны жыл санап азайып келе жатқанын айтады. Заң қатайса, тағы кеми түсетіні анық дейді олар. Тақырыпты тілші Нұрқанат Қанапия тарқатады.



Нұрқанат Қанапия, тілші: - Біз қазір Алаш трассасының бойындағы заңсыз қоқыс полигонында тұрмыз. Ал оның дәл іргесінде заңдастырылған, шарбақпен қоршалған қоқыс полигоны жатыр. Алайда, тұрғындардың ол жерге қоқыс тастауға құлқы жоқ. Себебі оған ақша төлеуі керек. Әр текше метріне – 3800 теңге. Ал мұнда қанша лақтырсаңыз да өз еркіңіз.



Полигон іргесіндегі бұл алаңға қатты қалдықтарды төгуге Астана әкімдігінің өзі рұқсат бергенін әкімдік маманы растады. Жүк көліктері полигон қақпасы арқылы кіріп, таразыға тұрады. Экобелсенділердің айтуынша, қазіргі уақытта сайға 12 мың тоннадан астам қоқыс жиналған. 



Айдын Есенбек, Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының бас маманы: - Иә, бүгінгі таңда әкімдік ол жерде уақытша полигон ұйымдастырды. Құрамы әртүрлі қоқысты әуелі сол жерге жинап алып, кейін сұрыптаймыз. Құрылыс қалдықтарын «Северная гряда» полигонына жөнелтеміз. Тұрмыстық қалдықтар қайта өңдеуден өтеді.



«Ғарыш сапары» зерттеулеріне сүйенсек, биыл Елорда аумағынан 253 ірі заңсыз қоқыс алаңы анықталды. Шағындарын есепке алса, 500-ден асады. Басқарма өкілі 78 үйінді жойылғанын айтады. 55 тонна қоқыс шығарылған. Бұлардың басым бөлігі – Есілдің сол жағалауында. 



Шасалим Шагалимов, экобелсенді: - "Ғарыш сапары" мәліметі бойынша қалада құрылыс және басқа да қоқыс үйінділері үлкен проблемаға айналғанын көріп отырмыз. Былтыр Астанада 551 қоқыс үйіндісі анықталды.



Биыл әкімдік 280 үйінді жойылғанын айтты. Дегенмен, әлі де қаланың кез келген тұсынан қоқыс үйінділерін оңай кезіктіруге болады.  Заңнаманы қатаңдату мәселесі қарастырылуда. Мәселен, қазір заңбұзушы жазаға тартылғанымен төккен қоқысын жинап әкетуге міндетті емес. Үйіндіні жою ісі – жергілікті атқарушы биліктің мойнына жүктеледі. Сондай-ақ, айыппұл мөлшерін 69 мың теңгеден 345 мың теңгеге ұлғайту да көзделіп отыр.  



Алмаз Ысқақов, ҚР ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бас маманы: - Қазір әкімшілік құқық базасына қатаңдату жұмыстары аяқталғаннан кейін аталған қоқыстар тағы азаяды. Мүмкін жойылатын шығар деген үміт бар. Тасымалдаушылар өздері тастаған қоқыстарын өздері жинап, айыппұл салынып, ал егер де қайталанған жағдайда машинасын стоянкаға салу қарастырылатын болады.



Былтыр желтоқсан айында Премьер-Министр Әлихан Смайылов 1 маусымға дейін барлық әкімдіктерге заңсыз қоқыс полигондарын толық жою туралы тапсырма берді. Бүгінге дейін ел көлемінде 3 мыңнан астам қоқыс орны анықталып отыр. Қазіргі таңда олардың тек мыңнан астамы ғана жойылған.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қоқыс #заңсыз #тастау #Айыппұл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.