Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Заңсыз митинг ұйымдастырып, оған қатысқандар жазал...

Заңсыз митинг ұйымдастырып, оған қатысқандар жазаланады

Әлеумет 08.04.2023, 11:00 905
Заңсыз митинг ұйымдастырып, оған қатысқандар жазаланады
сурет: .gov.kz

Бас прокуратура өкілі заңсыз митинг ұйымдастырып, оған қатысқандар жазаланатынын ескертті.


Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 40-бабы тәртібінде үндеу жасады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



«Әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 9 сәуірде рұқсат етілмеген митингілерді өткізуге және қатысуға шақырулар таратылуда. Бас прокуратура мұндай акцияларды ұйымдастырғаны және қатысқаны үшін заңмен белгіленген жауаптылық туралы бірнеше рет ескертті», деп мәлімдеді Жандос Өмірәлиев. 



«Қоғамдық тәртіпті, халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау - біздің басты басымдықтарымыз.


Сондықтан «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңның нормаларын сақтау қажеттілігіне және оларды бұзуға жол бермеуге тағы да назар аударамыз.


Бұқаралық жария іс-шаралар алдын ала хабардар етумен және осы үшін арнайы бөлінген орындарда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатын алумен халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің қалыпты жұмыс істеуіне кедергілерді болдырмайтын шараларды қабылдай отырып, жүргізілуге тиіс.


Көрсетілген нормалар сақталмаған жағдайда, кез келген жария шақырулар заңсыз деп танылады. Құқық бұзушыларға қатысты құқық қорғау органдары әкімшілік және қылмыстық-құқықтық шаралар қабылдайтын болады.


Атап айтқанда, заң талаптарын (3-баптың 3-тармағы) бұза отырып өткізілетін митингілерді, шерулерді, жиналыстарды немесе демонстрацияларды ұйымдастыру және оларға қатысу құқыққа қайшы болып табылады және Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша 25 тәулікке қамаққа алуға дейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.


Осы әрекеттердің нәтижесінде елеулі залал келтіргені үшін кінәлілер Қылмыстық кодекстің 400-бабы бойынша айыппұл не 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде түзеу жұмыстары немесе 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түрінде қылмыстық жауаптылыққа тартылатын болады.


Осыған байланысты, Бас прокуратура қолданыстағы заңнаманың нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз акцияларды ұйымдастырудан және оларға қатысудан, сондай-ақ оларға жария түрде шақырудан бас тартуға шақырады», - делінген Бас прокуратура өкілінің үндеуінде.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бас прокуратура #заңсыз митинг #қоғамдық тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2030 жылға дейінгі "Almaty Business" кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бекітілді

Бүгін 16:59

Үлкен Алматы көліне апаратын жүргінші соқпағы 2026 жылы салынады

Бүгін 16:42

Алматыда жаңа перзентхана мен амбулатория құрылысына 3,6 млрд теңге бөлінеді

Бүгін 16:37

Алматыда тоғыз білім беру нысанының құрылысы аяқталып қалды

Бүгін 16:33

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.