AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Заңсыз жұмыс істеген 3 670 онлайн-казино бұғатталд...

Заңсыз жұмыс істеген 3 670 онлайн-казино бұғатталды

Заң мен тəртіп 11.07.2023, 11:35 1,366
Заңсыз жұмыс істеген 3 670 онлайн-казино бұғатталды
Сурет: Forbes.ru

Соңғы жылдары букмекерлік кеңселер саны екі есеге азайды.


Биыл республика бойынша 3 670 заңсыз онлайн-казино бұғатталған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Егер 2021 жылдың басында елімізде 38 букмекерлік кеңсе болса, бүгінде олардың саны – 16, ал іс жүзінде жұмыс істейтіндерінің саны – 12.



"Министрлік букмекерлік кеңселер мен ойын бизнесінің басқа да нысандарының заң нормаларын сақтауын мұқият қадағалайды. Мәселен, осы жылдың басынан министрлік сот тәртібімен ойын бизнесі саласындағы 7 лицензияның қолданылуын тоқтатты. Осыған ұқсас тағы 7 ұйымға қатысты жұмыс атқарылып жатыр. Сондай-ақ интернетте де мониторинг жүргізіледі. Биыл 3670 заңсыз онлайн-казино бұғатталды",- деді мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.



Ведомство ақпаратынша, министрлік түсіндіру арқылы және сот тәртібімен букмекерлік кеңселердің санын азайту бойынша жұмыс жүргізеді. Мысалы, соңғы үш жылда букмекерлік кеңселер 15 лицензияны өз еркімен тапсырған.


Ал осы жылдың басынан сот шешімімен 5 букмекерлік кеңсе жабылды, олардың жұмысы қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келмеді. Қазіргі уақытта тағы 3 букмекерлік кеңсеге қатысты лицензиялардың күшін жою жұмысы жүріп жатыр.


Қазақстандағы ойын бизнесі субъектілерінің жалпы саны да азайып жатыр. Соңғы 5 жылда олар 2,5 есе азайған. Егер 2018 жылы 97 болса, биыл олардың саны 38 бірлікті құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#букмекер #казино #ойын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);