Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Заңсыз активтерді есептеу қиын емес

Заңсыз активтерді есептеу қиын емес

Әлеумет 13.07.2023, 04:07 1,177
Заңсыз активтерді есептеу қиын емес
almaty-akshamy.kz

Соңғы 30 жылда еліміздің байлықтарын өзінің мүддесін ойлаған кейбір аза­маттар заңсыз шетке шығарып, Қазақстанның эконо­микасына залал келтірді. Егер ол активтер елімізде болғанда зауыттар мен фабрикалар, т.б. жұмыс орында­ры артып, ішкі өнім де көбейер еді. Ал енді осы шетке шығарылған ақшалардың дені үйге, көлік, яхта сияқты жылжымайтын мүліктерге, Қазақстанға пайдасы жоқ дүниелерге кетті.


Кез келген активтер қай елде болса, сол елдің мүддесі үшін жұмыс істеп жатыр. Ел азамат­тарының көбі Швейцария, Англия, Франция сияқты мемлекеттердің экономикасына жұмыс істеуде. Бұл ақшаларды елге қайтару керек. Заңсыз шығарылған деген соттың шешімі болса, активтер мемлекетке қай­тарылуға тиіс. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайына, елдің экономикасына пайдалы болар еді. Бұл заңның маңызы – осында.



Заңсыз активтерді анықтау қиын емес. Мәселен, кез келген шетке шығарылған ақшаның көлемі мен пайы­зын анықтап, жеке тұлғаның жұмыс істегенін, сол байлық қалай пайда болғанын анықтау керек. Егер ол тұлға әкім немесе әкімнің орынбасары, иә болмаса министр болса, оның ай сайын алатын айлығы белгілі. Сол айлық есептеліп, декларация арқылы анықталады. Шетке шығарылған активтің заңсыз екені белгілі бола­ды. Соттың шешімі шығып, заңсыз активтер елге қай­тарылады.



Өткен жылы қаңтар кезінде елдегі үлкен олигархтар Қазақстан даму банкінен 1 млрд-қа жуық долларлық несие алып, шетке шығарып жіберген. Ал оған үкімет мүшелерінің екеуі қол қойып, рұқсат берген. Сол адам­дар комиссия мүшелері болып отыр. Сондықтан бұл мәселеде алдымен комиссия мүшелеріне мұқият қара­ған жөн.


Кезінде Президент 150 млрд ақша шетке шыққан деді. Ұлттық банк 70 млрд десе, мемлекеттік емес ұйымдар 400 млрд-қа жуық қаржы шетке шыққан де­ген ақпарат келтірді. Әркім әртүрлі бағаны айтады. Сондықтан заңсыз активтерді есептеу қиын емес. Бі­рақ олардың заңсыз екендігін дәлелдейтін сот шешімі керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#активтер #қаржы #байлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.