Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Заңгер: «Хиджабқа» нақты әрі түбегейлі тосқауыл қо...

Заңгер: «Хиджабқа» нақты әрі түбегейлі тосқауыл қоятын Заң жоқ! 

Әлеумет 18.09.2023, 06:32 1,785
Заңгер: «Хиджабқа» нақты әрі түбегейлі тосқауыл қоятын Заң жоқ! 
Сурет: Golosislama.com

Елімізде соңғы кездері хиджаб кию мәселесі ушығып тұр. Елдегі айтыс, талас-тартыс, пікірталастардың дені осының төңірегінде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұған дейін, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мектепте хиджаб кию мәселесіне қатысты пікірін берген едік.


ҚР Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, белгілі заңгер Айгүл Орынбек те хиджаб мәселесін көтеріп, жазба жариялады. 


«Хиджабқа» нақты әрі түбегейлі тосқауыл қоятын Заң жоқ! 


Қазақстан – құқықтық әрі зайырлы мемлекет. Сондықтан, Қазақстанның саяси дамуы мен экономикасына, идеологиясына тікелей кедергі кері ықпалы бар, бәрінен бұрын бүтін бір мемлекеттің санасын улап құрдымға бастайтын – теріс ағымдарға түбегейлі тыйым салатын уақыт жетті!
Біздің ел, санасы уланғандардан аз жапа шеккен жоқ. Салған жарасы мен жарақаты да жазылған жоқ. Керісінше, күн санап ушығып: санамызды улап, жағамызды жыртып, балтырымызды тістелеп, басымызды көрге тығып барады... 
Сирияға жылдар бойы ағылған боздақтарымыз, қайтып оралмай қалған қандастарымыз көп. Оларды кері әкелу мен ой-көзқарасын қалыпты жағдайға өзгертуге жұмсалған қаржы да аз емес. Сол миллиондаған ақша мен идеологиялық жобалар мардымды нәтиже бермегенін де көріп отырмыз.
Неге мақсатты деп бөлінген қаржының сұрауы жоқ? 
Бар болса, атойлатып басталған - жарнамасы жер жарған сол жобалардың нақты жұмысы мен оның нәтижесі неге көрінбейді? 
Соншама миллиондаған қаржы қайда кетті? Жұмыс жасалса, ол қайда? Неге жоқ? 
Әлде бұл біреудің пайда көзі - «көлегейлі» бизнесі ма? 
Егер, расымен де дәл осы қомақты қаржылар мақсатты жұмсалса, еліміздің идеологиясы мен ішкі ахалы дәл бұлай ақсап, іштен «іріп» жатпас еді..! 
Қазақстандағы қазақ ұлтының өзі - үй ішінен үй тігіп, Отанын сатып, туған тілі мен дінінен безіп, аз уақытта діни наным-сенімдерін өзгертпес еді... Өзара екіге тіпті үш-төрт тобырға бөлініп, қан төгісіп қастаспас еді! 
Туған анасын танымай, әйелзатын қорлап, талақ айтып, ұлт намысын таптамас еді...! Бәрінен бұрын, бейбіт күнде көтерілістер көбейіп, адам шығыны да болмас еді...!
Мынау Тараз, Ақтөбедегі, жалпы ел арасындағы ішкі «іріткі» салулар, теріс ағымға бет бұрудың салдарларынан қалың ел қара жамылдық. 
Бұл жантүршігерлік қантөгісте қаншама бейбіт тұрғындар, тәртіп сақшылары мен антына адалдық танытқан аптал азаматтарымыз жазықсыз ажал құшты... Бұл еліміз үшін – орны толмас ауыр қасірет.
Осы ретте, ащы болса ақиқатты айтқым келеді, жүйедегі шындықты көтергім келеді: Біздің елде жат ағымдармен, эктремизм және терроризммен күресетін аты дардай Ұлттық Қауіпсіздік комитеті бар. Бүтір бір ведомстводағы қызметкерлерді қоспағанда, яғни одан бөлек Ішкі істер министрлігінде Экстремизммен күрес деген арнайы құрылған департаменттер мен басқармалар да бар. Онда жұмыс жасайтын жасақтар мен жүздеген қызметкерлер тағы бар. Бірақ, олардың жұмыла атқарған яғни көзге көрінетін жұмыстары жоқ! Бар болса да, нәтижесі жоқ! Бұған аталған құрылымды да, олардың қызметкерлерін де кінәлай алмаймын. Себебі, біздің мемлекеттте дәл осы терроризм мен экстрмизм, жат ағымдар, «никаб» пен «хиджабқа» нақты әрі түбегейлі тосқауыл қоятын Заң жоқ! 
Сол себепті, Қазақстан – қауіпсіздігінің кепілі болар нақ қадам жасап: саяси тұрғыда әрі сенімді түрде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шұғыл түрде Заңды қабылдау қажет»! - деді заңгер жазбасында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#заңгер #хиджаб #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.