конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Заң қабылдау құқығы Мәжіліске тиесілі болады

Заң қабылдау құқығы Мәжіліске тиесілі болады

Саясат 25.04.2022, 08:40 1,474
Заң қабылдау құқығы Мәжіліске тиесілі болады
Сурет: Parlam.kz

Бірқатар өзгеріс жасалды.


Заң қабылдау құқығы Мәжіліске тиесілі болады. Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Заң шығару процесін жаңғыртуға арналған бірқатар өзгеріс жасалды. Заң қабылдау құқығы негізінен Мәжіліске тиесілі болады. Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау немесе мақұлдамау құқығы беріледі. Реттейтін мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, Конституциялық заңдарды палаталардың бірлескен отырысында қабылдау қолдау тапты. Үкіметке адам өмірі мен денсаулығына, мемлекеттің қауіпсіздігіне, басқа да құндылықтарға айрықша қауіп төнген жағдайда заң күші бар нормативтік-құқықтық актілер қабылдау құқығы берілді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, еліміздің Ата заңына енгізілетін түзетулер мен өзгертулер жобасының ауқымды бөлігі адам құқықтары мәселелеріне арналған.



«Былтыр Қазақстанның Қылмыстық кодексінен және басқа заңдарынан өлім жазасы алынып тасталды. Енді бұл ұғым Ата заңнан жойылып отыр. Осылайша, біз Қазақстан іс жүзінде де, заң жүзінде де өлім жазасы жоқ мемлекет деп айта алатын боламыз. Омбудсмен институты туралы жеке бап қарастырылды. Азаматтардың өтініш беруіне жол ашып, Конституциялық кеңесті Конституциялық сотқа айналдыру бастамасын ерекше атап өткім келеді. Конститутциялық сот төрелігі бойынша дүниежүзілік қауымдастыққа мүше 118 елдің 78-інде Конституциялық сот құрылған. 12 мемлекетте Конститутциялық кеңес жұмыс істейді. Қалғандарында бұл функцияны Жоғарғы сот және басқа органдар жүзеге асырады. Осы орайда Қазақстан әлемде ең кең тараған және тиімді модельді таңдап отыр деп айта аламыз», - деді Бақыт Нұрұханов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #парламент #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 17:49

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);