AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы: колледж студентт...

«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы: колледж студенттерімен ашық диалог

Заң мен тəртіп 25.11.2025, 14:38 778
 «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасы: колледж студенттерімен ашық диалог
сурет: "Ауыл" партиясынан

Алматы қаласында "Ауыл" партиясы Алматы қаласы филиалы мен Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің колледжі студенттері арасында "Заң және тәртіп" тұжырымдамасына арналған маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты — жас буынға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау бойынша түсінік беру және қоғамдық тәртіптің мән-маңызын кеңінен түсіндіру болды.

Кездесуге арнайы шақырылған Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің тәжірибелі қызметкерлері студенттерге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары және жастар арасында жиі кездесетін әкімшілік-құқықтық мәселелер жөнінде жан-жақты видио ақпарат ұсынды. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының өкілдері қазіргі қоғамда тәртіп сақшыларының рөлі, құқық бұзушылықты болдырмаудың тиімді жолдары, киберқауіпсіздік, жастардың құқықтық жауапкершілігі секілді өзекті тақырыптарды қамтыды.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері, қылмыстың алдын алу шаралары, құқық бұзушылық анықталған жағдайда азаматтың құқықтары мен міндеттері туралы тереңірек түсініктеме берді. Тәртіп сақшылары студенттердің сұрақтарына  егжей-тегжейлі жауап беріп, нақты мысалдар келтіре отырып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған пайдалы кеңестер ұсынды.

"Ауыл" партиясы өкілдері өз сөзінде жастардың құқықтық білімін нығайту — қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кепілі екенін ерекше атап өтті. Партия филиалы алдағы уақытта да білім беру ұйымдарымен тығыз жұмыс істеп, жас буын арасында құқықтық мәдениетті көтеруге бағытталған іс-шараларды жалғастыруды көздеп отырғанын жеткізді.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер мен мамандар арасында өзара түсіністік пен қызығушылық атмосферасын қалыптастырды. Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушылар мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстардың жалғаса беруі қажеттігін айтты.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл партиясы #заң және тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);