AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Заң және тәртіп»: алматылық еріктілер сыбайлас же...

«Заң және тәртіп»: алматылық еріктілер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға атсалысады

Заң мен тəртіп 29.01.2026, 12:20 333 yakiya
«Заң және тәртіп»: алматылық еріктілер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға атсалысады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда «Жемқорлыққа қарсы еріктілер» жобасы аясында 2,5 млрд теңгедей бюджет қаражаты үнемделді. Қоғамдық бақылау мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысына 300-ден астам адам тартылды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Әділет жастар одағы» жастар антикоррупциялық қозғалысының жетекшісі Ерболат Тұрлан осылай деді.

Жоба 2025 жылы Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды. Оның негізгі мақсаты – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жастардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттырып, азаматтық белсенділікті дамыту.
«Біздің міндетіміз – жастарды ақпараттық-түсіндіру жұмысына ғана емес, қоғамдық бақылаудың тетіктеріне де тарту болды», – деді Ерболат Тұрлан.

Жыл бойы жобаға қаланың барлық ауданын қамтыған 300-ден астам ерікті қатысты. Алматы тұрғындары үшін еріктілердің, кәсіби заңгерлер мен құқық қорғау органдары өкілдері қатысқан 20-дан астам көшпелі кеңес өтті.

Қоғамдық бақылауға ерекше назар аударылды. Еріктілер жол жөндеу жұмысының сапасын, балалар мен спорт алаңдарының жағдайын, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктердің тазалығын, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың жекелеген рәсімдері мен көлік инфрақұрылымы нысандарын тексерді. Он бақылаудың қорытындысы бойынша анықталған фактілермен материалдар Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментіне жолданды.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарымен бірлесіп Алматы–1 – Отар теміржол бағыты бойынша бақылау жүргізілді. Мектептер мен колледждерде кездесулер ұйымдастырылып, жастарға адалдық, жауапкершілік қағидаттары және «Заң және тәртіп» идеологемасы түсіндірілді.

Спикердің айтуынша, қоғамдық бақылау әлеуметтік, экономикалық тиімділігін дәлелдеді. Қол жеткен нәтижені ескере отырып, бастама «Әділет жастар одағы» жастар қозғалысына трансформацияланып, жұмысын жүйелі әрі ұзақ мерзімді негізде жалғастырып келеді.
Бүгінде қозғалыс жемқорлыққа қарсымәдениетті қалыптастыру, цифрлық және қаржылық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ киберволонтерлік бағыттарын дамытып отыр. Бұл бағытта 3 мыңнан астам адам жұмылдырылған. Олардың қатысуымен заңсыз контенті бар 737 интернет-ресурс анықталып, бұғатталды.

Қазақстанда 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту жылы болып жариялануына байланысты, қозғалыс алдағы уақытта кибералаяқтықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуді жоспарлап отыр. Кездесулер тек оқу орындарында ғана емес, сондай-ақ еңбек ұжымдарында және қала тұрғындары арасында Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп өткізілетін болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жемқорлыққа қарсы еріктілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);