ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Ыстамбұлдағы жарылысты әйел жасауы мүмкін - Түркия...

Ыстамбұлдағы жарылысты әйел жасауы мүмкін - Түркияның вице-президенті Фуат Октай

Әлем 14.11.2022, 02:21 894
Ыстамбұлдағы жарылысты әйел жасауы мүмкін - Түркияның вице-президенті Фуат Октай
Жарылыс болған аумақта жедел-тергеу тобы жұмысты аяқтады

Жарылыс болған аумақта жедел-тергеу тобы жұмысты аяқтады


Жаяу жүргіншілерге арналған Истикляль көшесінде болған жарылыс салдарынан 6 адам қаза тауып, 81 адам жарақат алды. Төтенше оқиға орнына жеткен полиция жасақтары көшеде қауіпсіздік шараларын қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Полиция зардап шеккендердің кейбірі жеткізілген Таксим зерттеу және оқу ауруханасы маңында қауіпсіздікті күшейтті.


Anadolu агенттігінің мәліметінше, жарылыс болған аумақта жедел-тергеу тобы жұмысты аяқтады. Полиция Истикляль көшесі мен Таксим алаңын көлік пен жаяу жүргіншілер үшін жапты. Таксим Джумхуриет көшесіндегі Сисли-Тарлабаши бағытындағы жерасты өткелі мен Таксим бағытындағы Ункапани (Ататүрік) көпірі де көлік қозғалысы үшін уақытша жабылды.


Индонезияға сапарының алдында жиналыс өткізген президент Ердоған: «Мүмкін бұл терроризм деп айтқан дұрыс емес шығар, бірақ губернатордың берген оқиға туралы алғашқы ақпараттары күдігімізді растай түседі», - деді.


«Қазіргі уақытта шабуылды әйел жасады деген болжам бар», - деді Түркия президенті.


Ал вице-президент Фуат Октайдың айтуынша, осы уақытқа дейін 6 адам қаза тапты, оның 4-еуі оқиға орнында қаза тапса, 81-і жарақат алды. Олардың екеуі - ауыр халде.


Октай президент Ердоғанның сөзін қуаттап: «Біз әзірге жарылысты әйел жасады деген ойдамыз және террорлық әрекет деп есептейміз», - деді.


ҚазАқпараттың Ыстамбұлдағы меншікті тілшісінің хабарлауынша, жарылыс жергілікті уақыт бойынша 16:30-да Таксимдегі Истиқляль көшесінде болған. Бұл - түнгі клубтар мен мейрамханалар бар, адам нөпірі көп сауда аймағы. Ол «Республика» монументі орын тепкен алаңның айналасында орналасқан. Мұнда жергілікті тұрғындар мен шетелдік туристер жиі табан тірейді.


Истикляльдың басты жаяу жүргіншілер бөлігінде 19-ғасырдағы әйгілі брендтердің кинотеатрлары, кафелері мен дүкендері орналасқан. Мұнда ескі қызыл трамвайлар да жүреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,253 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.