AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Workout әуесқойы: Ұлттық ұлан сарбазы әскери өмірд...

Workout әуесқойы: Ұлттық ұлан сарбазы әскери өмірді камерамен көрсетіп жүр

Әлеумет 12.03.2026, 14:01 294 dulatbekova
Workout әуесқойы: Ұлттық ұлан сарбазы әскери өмірді камерамен көрсетіп жүр
Сурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында әскери міндетін абыроймен атқарып қана қоймай, бойындағы жаңа қабілеттерін танытып жүрген мерзімді қызмет сарбаздарын жиі кездестіруге болады. Солардың бірі — Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінде қызмет ететін  қатардағы Айдос Құлдыбай, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Айдос 2001 жылы Түркістан облысы Отырар ауданына қарасты Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Мектепті тәмамдағаннан кейін ол Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне түсіп, электр энергетикасы инженері мамандығын меңгерген. Әскерге шақырылғанға дейін туған ауылындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде оператор болып жұмыс істеді.

Спортқа деген қызығушылығы мектеп кезінен басталған. Әсіресе оны street workout деп аталатын көше спорты ерекше қызықтырды. Турникке арналған жаттығулардың техникасын өз бетінше меңгеріп, күрделі элементтерді орындауды үйренді. Күш, ептілік пен төзімділікті талап ететін жаттығулар жас жігіттің мінезін шыңдап, мықты физикалық дайындығын қалыптастыруға көмектесті.

Алайда әскер қатарында Айдос өзін шығармашылық қырынан да таныта білді. Бүгінде ол әскери бөлімдегі маңызды іс-шараларды түсіріп, ұландықтардың қызметі мен күнделікті өмірі туралы бейнероликтер дайындайды.

— Әскерге дейін менде қызмет туралы басқа түсінік болды. Мұнда өте қиын болады деп ойладым. Бірақ әскери бөлімге келген соң қателескенімді түсіндім. Мұнда дамуға, қабілеттеріңді ашуға және дағдыларыңды жетілдіруге мүмкіндік бар. Әскер алға ұмтылғандарды әрдайым қолдайды, — дейді Айдос.

Қаруластарының айтуынша, оның бейнероликтері әскери өмірді жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік береді. Кейбір жұмыстары әскери бөлімнің ақпараттық қызметінде де пайдаланылып жүр.

Бүгінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланы қатарында осындай белсенді әрі талантты жастар аз емес. Олар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін орындаумен қатар, өз қабілеттерін дамытып, жаңа тәжірибе жинақтап, болашақ кәсіби жетістіктерінің негізін қалап келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан #сарбаз #Мобилография
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);