ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / WhatsApp желісінде балағат сөздер айтқан әйел жаза...

WhatsApp желісінде балағат сөздер айтқан әйел жазаланды

Әлеумет 28.02.2025, 10:30 635
WhatsApp желісінде балағат сөздер айтқан әйел жазаланды
Сурет: Aa.com.tr
2024 жылғы 8 қыркүйек пен 20 қазан аралығында сотталушы К. "WhatsApp" мобильді қосымшасы арқылы М.-ға мәтіндік және аудио хабарламалар жіберген.

2024 жылғы 8 қыркүйек пен 20 қазан аралығында сотталушы К. "WhatsApp" мобильді қосымшасы арқылы М.-ға мәтіндік және аудио хабарламалар жіберген.

Онда бейәдеп сөздер айтып, соңғысын әдепсіз түрде қорлап, осылайша оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Жеке айыптаушы М. айыптауды қолдап, санкция аясында жаза тағайындауды сұрады.

Сондай-ақ, жеке айыптаушы сотталушы К.-дан моральдық зиянды өтеу есебіне 150 000 теңге, өкілдік шығыстарына 250 000 теңге мөлшерінде, сондай-ақ психологиялық-филологиялық сараптама жүргізуге 130 000 теңге мөлшерінде іс жүргізу шығындарын өндіріп алуды сұрады.

ҚК 131-бабы 1-бөлігінің санкциясы 100 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 120 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны көздейді.

Сот сотталушының шын жүректен өкінуін және оның жас баласының болуын қылмыстық жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.

Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот К.-ны ҚК 131-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 20 АЕК мөлшерінде (73 840 теңге сомасында) айыппұл түрінде жаза тағайындады.

Сондай-ақ сотталған К.-дан жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу есебіне 100 000 теңге, өкілдік шығыстарына 250 000 теңге, сараптама жүргізуге 130 000 теңге мөлшерінде шығыстар өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,445 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,257 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,338 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,185 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.