AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Витамин тапшылығының қандай салдары бар?

Витамин тапшылығының қандай салдары бар?

Керек кеңес 26.03.2024, 07:36 1,670
Витамин тапшылығының қандай салдары  бар?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Көктемгі витамин тапшылығы: алматылықтарға ағзаны қалай дәрумендермен толықтыруға болатыны айтылды


Маусым ауысқан кезде адамда дәрумен тапшылығы туындайды, адамдардың 80% - на дейін осыған ұшырайды. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде №11 қалалық емхана директорының орынбасары Алмаш Ардабаева айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Витамин тапшылығы денсаулықтың нашарлауына, иммунитеттің төмендеуіне және соның салдарынан ауруларға әкелуі мүмкін.


ӨКҚ сарапшысы «витамин тапшылығы» дегеннен гөрі, бұл құбылысты «гиповитаминоз» -  ағзадағы дәрумендердің төмен деңгейі деп атаған дұрыс дейді. Бұл климаттың ерекшеліктеріне, өмір салтына және тағамға деген талғамға тікелей байланысты.


Көктемгі витамин тапшылығының белгілері:



- апатия және бұрын ләззат алған нәрселер мен әрекеттерге қызығушылықты жоғалту;
- суық тию және мұрыннан су ағу жиілейді;
- бір немесе бірнеше созылмалы аурулардың өршуі;
- ұйықтап кету қиындайды, ал таңертең ұйқыдан тұру одан да қиын болады;
- түнде сағат 2:30-дан 3:30-ға дейін жиі ояну;
- теріде безеудің пайда болуы немесе терінің шамадан тыс құрғауы;
- шаштың сынуы және тырнақтың бөлінуі;
- іш қату, бұзылу және гастрит түрінде асқазан-ішек жолдарында бұзылыстың пайда болуы;
- қызыл иектің кенеттен қанап кетуі;
- зейіннің болмауы;
- бастың жиі ауыруы;
- құлақтың шулауы және жеңіл бас айналу.
 
«Осы тізімдегі кемінде екі белгі болса, ол көктемгі авитаминозбен жедел күресу қажеттігін білдіреді», - деді Алмаш Ардабаева.



Көктемгі витамин тапшылығы ересектерде ғана емес, балаларда да көрінеді. Осы кезеңде адамның өзін қалай сезінетініне мән беру керек. 
 
Дененің «витаминдік» әл - ауқатының маңызды кепілдіктерінің бірі – ол дұрыс және теңдестірілген тамақтану.
 
Сарапшы диетаға көбірек балық, жаңа сығылған шырындар, түрлі көкөністер, жемістер мен шөптерді қосуды ұсынады. Консервіленген тағамдардан бас тартқан жөн. Ағзадағы дәрумендердің деңгейін бақылау маңызды.


Теңдестірілген диетадан басқа, таза ауада жиі серуендеу және тұрақты спорттық жаттығулар витамин тапшылығын жеңуге көмектеседі.



«Есіңізде болсын, витамин тапшылығының назардан тыс қалған белгілері ауруханаға жатқызуға дейін апаратын медициналық араласуды қажет ететін ауыр ауруларға әкелуі мүмкін», - деп ескертті ол.



Дәрумен тапшылығы салдарынан болған ангина (тонзиллит), суық тию белгілері, мұрынның бітуі, құлақтың қабынуы (отит) сияқты аурулардан емделуде Лор-дәрігер көмектеседі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#витамин #денсаулық #Керек кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);