конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» мәресіне жетті

VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» мәресіне жетті

Спорт 24.06.2022, 14:00 1,475
VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» мәресіне жетті
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Он күнге созылған сайыста Алматы қаласы екінші орынды иеленді


Бүгін Қостанай қаласында VII Халық спорты ойындары мәресіне жетті. Бұқаралық спорт Олимпиадасы аталып кеткен бәсекеде соңғы болып қол күрес пен шағын футбол шеберлері кім мықтыны анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Он күнге созылған ойындарда Қостанай облысы жеңімпаз атанса, Алматы қаласы - екінші, Нұр-Сұлтан қаласы 3-орын алды. Топ жарған команда мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Республикалық Спортты дамыту дирекциясы Бұқаралық спорт түрлері басқармасының басшысы Ғазиз Серікбаев, Қостанай облысы спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысының орынбасары Елена Киреева қатысты. 



«Бүгінде бұл кешенді бәсеке спорттың бұқаралық сипат алуына көп үлес қосты деуге болады. Әр облыстың, қаланың түкпір-түкпірінде іріктеу өтіп, халық арасында кең танылып үлгерді. Биыл осы кезеңдерден сүрінбей өткен 1200-ден астам спортшы осында өз облысының намысын абыроймен қорғады. Тартысқа толы жарыстарда ел ішінен шыққан таңдаулы спортшы екенін паш етті. Бұған осында жиналған сіз бен біз куә болдық. 
Осы тұста биылғы кешенді жарысты жоғары деңгейде ұйымдастырған Қостанай облысы әкімдігіне, соның ішінде облыстық спорт басқармасына ерекше алғыс айтамын. Енді 4 жылдан кейін 8-ші Халық спорты ойындарын түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қабылдайды. Жас облыс осы межеден түспей, жарыстың мәртебесін арттыра түседі деп сенеміз», - деді Ғазиз Серікбаев.




Қостанайда келесі Халық спорты ойындарын қабылдайтын өңір анықталды. Енді 2026 жылы кешенді доданы Түркістан облысы қабылдамақ. Ойындардың жабылу рәсімінде кезекті алған оңтүстік облыстың өкілі Жазира Мүслімова келесі ойындарды осылай жоғары деңгейде өткізуге тырысатындарын айтты. Сондай-ақ бұл Түркістан облысында бұқаралық спорттың дамуына ерекше серпін беретініне тоқталып өтті.


Айта кетейік, Қостанайдағы Халық спорты ойындарына 17 команданың 1 200-ден астам спортшысы қатысты. Олар 10 күн бойы 9 спорт түрі – шағын футбол, баскетбол (3х3), волейбол (ерлер, әйелдер), үстел теннисі, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, гір спорты мен қол күрестен сынға түсті. Сондай-ақ әр өңірден келген 200-ге жуық төреші бәсекелердің барынша әділ өтуіне ат салысты.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Бұқаралық олимпиада #Сайыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);