ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Вейп мәселесі көпшілікті кейітіп тұр

Вейп мәселесі көпшілікті кейітіп тұр

Әлеумет 11.10.2023, 11:31 1,091
Вейп мәселесі көпшілікті кейітіп тұр
Сурет: ашық дереккөз
Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар электронды темекі мен вейптерді пайдалануды шектеу немесе тыйым салу мәселесі назардан тыс қалғаны айтылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz ...



Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар электронды темекі мен вейптерді пайдалануды шектеу немесе тыйым салу мәселесі назардан тыс қалғаны айтылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz  Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Өзекті мәселені мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қозғады. Ол жауапты мемлекеттік органдар әлі нақты шешім қабылдамағанын еске салды.






«Бұл мәселені Мемлекет басшысы да көтеріп, тапсырма берген еді. Депутаттар да жан-жақты талқылап, ойларын ортаға салды, бірақ әлі нақты шешім жоқ. Сондықтан нақты шешім қабылдайтын уақыт келді. Біз біртұтас ұстанымға келуіміз керек. Өйткені ол біздің балаларымыздың және болашақ ұрпақтың денсаулығына қауіп төндіреді», - деді Ерлан Қошанов.



Депутат Дәулет Тұрлыханов электронды темекі мен вейптер кәмелетке толмағандарға еркін сатылып жатқанын мысалға келтіріп, дабыл қақты.



«Президент Атырауға жұмыс сапарымен барған кезде бұл дертпен күресу керек екенін, жаман әдеттің таралуына жол бермеу керек екенін дәл айтты. Қазір студенттер де вейпке тәуелді болып кеткен. Оларды сатып алу өте оңай, жастар көшеде де емін-еркін шегіп жүре береді. Бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес бүкіл әлемде де өзекті болып отыр. 2018 жылы мектеп оқушыларының мінез-құлқын зерттеу барысында балалардың 14%-ы және ұлдардың 6%-ы вейп шегетіні анықталды. Мұндай зиянды заттардың қорабында 20 жасқа толмаған адамдарға сатуға болмайды деп жазылған. Статистикаға назар аударсақ, соңғы жарты жылда вейпті сату 32%-ға өсті», - деді Дәулет Тұрлыханов.



Осы тұста Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қазір заңнамаға тиісті түзетулер енгізу қарастырылып жатқанын айтты.



«Қазақстанда вейптерге тыйым салу мәселесі бойынша заң жобаларына стандарттар енгізіліп жатыр. Олар Үкімет отырысында қаралды. Денсаулық сақтау саласы да бұл стандарттарды қолдайды. Қазір тиісті құзырлы органдар вейптерді пайдалануға толық тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр», - деп түсіндірді Ажар Ғиният.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.