ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / «Вечерний Алматы» газетінің бас редакторы Михаил Б...

«Вечерний Алматы» газетінің бас редакторы Михаил Буренков дүниеден озды

Өмір-өзен 18.03.2022, 08:47 2,950
«Вечерний Алматы» газетінің бас редакторы Михаил Буренков дүниеден озды
Сурет: Almaty-akshamy
Ол өмірінің 35 жылын журналистика саласына арнады.

Ол өмірінің 35 жылын журналистика саласына арнады.


Сұм ажалдың Михаил Валерьевич Буренковты күтпеген жерден арамыздан алып кеткені қабырғамызды қайыстырды. Әрдайым  көңілді жүретін Михаил Валерьевич адам бойындағы талантты, адалдықты, білімділікті жоғары бағалайтын, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Михаил Валерьевич Буренков 1964 жылы 14 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Киров атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетін тәмәмдаған. 



1997-1998 жылдары «Московский комсомолец в Казахстане» газетінің бас редакторы, кейін 2002 жылға дейін «Новое поколение» газетінің жауапты хатшысы болды. 


2002 жылы «Казахстанская правда» газетіне бас редактордың бірінші орынбасары болып ауысты. 


2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокомпаниясының редактор-сценарисі, 2006 жылға дейін «Столичная жизнь» апталық газетінің бас редакторы болды. 


2006 жылы «Сегодня» апталық газетін басқарды. 


2007-2008 жылдары «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің баспасөз хатшысы, 2013 жылға дейін ADA жарнама агенттігінің бас директорының орынбасары қызметін атқарды. 


2014-2015 жылдары «Баспалар үйі» АҚ редакторы, 2015-2020 жылдары «AiF Қазақстан» газетінде жауапты хатшы, шолушы қызметтерін атқарған. 


2020-2021 жылдары - «Вечерний Алматы» газеті бас редакторының орынбасары. 2022 жылдың қаңтар айынан бастап «Вечерний Алматы» газетінің бас редакторы болды. 


«Алтын жұлдыз» сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған. 


Буренков Михаил Валерьевич 35 жылдан астам шығармашылық қызметін журналистика саласына арнап, өзін жоғары кәсіби маман, білікті және жақсы басшы ретінде көрсетті. 


Соңғы бір жарым жыл ішінде ол газеттің ақпараттық контент саласында сапалы жұмыс жасады. «Вечерний Алматы» газетінің дамуына, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруға зор үлес қосты. 



Михаил әрдайым көмектесуге, қысыл-таяң уақытта қол ұшын созуға, моральдық қолдау көрсетуге дайын жан еді. Сол себептен оның қазасы бізге қиын тиді, қатты қайғырдық. Оның сүйікті Алматысы да үлкен қайғыны бастан кешіруде. 



Михаил Валерьевичтің туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.