ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Білім және ғылым / Вебтунның берері көп

Вебтунның берері көп

Білім және ғылым 29.05.2025, 17:20 562
Вебтунның берері көп
UIB университеті
Алматыдағы UIB университетінде вебтундар жасауға арналған дәрістер мен воркшоптар өтуде

Алматыдағы UIB университетінде вебтундар жасауға арналған дәрістер мен воркшоптар өтуде

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Халықаралық Бизнес Университетінде (UIB) қазіргі цифрлық креативті индустрияның ең перспективалы бағыттарының бірі — вебтундарға арналған ашық дәрістер сериясы басталды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Вебтундар — смартфон арқылы тік бағытта оқуға ыңғайланып жасалған цифрлық комикстер. Олар иллюстрацияны, сторителлинг пен анимация элементтерін біріктіреді, бүгінде бүкіл әлемде танымал және креативті индустрияның бір бөлігіне айналуда.

Бұл формат Оңтүстік Корея, АҚШ, Жапония сияқты елдерде кең танымалдыққа ие болып үлгерсе, енді Қазақстанда да білім беру және мәдени жобаларға белсенді түрде енгізілуде. UIB-дің жаңа білім беру бастамасы студенттерді осы саланың мүмкіндіктерімен таныстыруды көздейді — көркемдік және сценарийлік шеберліктен бастап, халықаралық цифрлық платформаларда контентті ілгерілету мен коммерциялауға дейін.

«Біз жай ғана курс емес, тұтас кешенді жұмысты бастадық. Онда индустрия өкілдерімен, суретшілермен, сценаристермен және платформалармен кездесулер өтеді. Вебтун — бұл жай сурет салу ғана емес. Бұл — нарратив, маркетинг, мәдениет және идеяны экспорттау», — дейді жоба ұйымдастырушылары.

Шақырылған спикерлер қатарында Оңтүстік Корея, Қазақстан және Өзбекстаннан келген жетекші мамандар, сондай-ақ танымал веб-платформалардың өкілдері бар. Бір ай ішінде қатысушылар дәрістер тыңдап, панельдік сессияларға қатысады, ал соңында өз вебтунының пилоттық эпизодын жасау бойынша воркшопқа қатыса алады.

Аталған жоба — жастар арасында цифрлық және креативті мамандықтарды дамытуға бағытталған ауқымды бағдарламаның бір бөлігі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.