ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы парламент...

Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту талқыланды

Саясат 13.06.2025, 15:15 1,044
Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту талқыланды
Сурет: Gov.kz
Америка Құрама Штаттарына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар жөніндегі...

Америка Құрама Штаттарына ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ Сенатының Халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы Джеймс Ришпен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешегін талқылап, экономикалық байланыстарды нығайтуға және АҚШ Әкімшілігінің басым бағыттарына сәйкес саяси диалогты дамытуға ерекше назар аударды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастардың стратегиялық маңызын атап өтіп, парламентаралық байланыстарды жандандыру қажеттілігін айқындады.

Сенатор Дж.Риш Қазақстанның салмақты әрі сындарлы сыртқы саяси бағытын жоғары бағалап, АҚШ Конгресінің іскерлік байланыстарды кеңейтуге қолайлы заңнамалық негіз қалыптастырудағы, оның ішінде Қазақстанмен тұрақты қалыпты сауда қатынастарын орнату арқылы қолдау көрсетуінің маңыздылығын атап өтті.

Сұхбаттастар елдер арасындағы ынтымақтастықтың артып келе жатқан серпінін оң бағалап, сауда-экономикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастыруға келісті.

Кездесу соңында ҚР СІМ басшысы АҚШ сенаторын Қазақстанға ресми сапармен келіп, екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын нақты талқылауға шақырды.

Сонымен қатар М.Нұртілеу ҚР-АҚШ кокусының тең төрағасы, конгрессмен Роберт Адерхольтпен және АҚШ Өкілдер палатасының Кіріс және салық комитетінің Сауда жөніндегі кіші комитетінің мүшесі Кэрол Миллермен кездесті. Келіссөздер барысында америкалық заң шығарушылар Джексон-Вэник түзетуінің Қазақстанға қатысты күшін жоюға жәрдемдесуге ниетті екеніне сендірді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.