AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Варикоз емі: дәрігерлер бұл әдісті жасырып жүр-мыс

Варикоз емі: дәрігерлер бұл әдісті жасырып жүр-мыс

Керек кеңес 04.03.2024, 03:38 1,511
Варикоз емі: дәрігерлер бұл әдісті жасырып жүр-мыс
Сурет: Stopfake.kz

TikTok-та варикозды тамырларды толық жоятын керемет әдісі туралы видео шықты.


Дәрігерлер бұл ақпаратты жасырып жүрген көрінеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ал емделу үшін төрт-ақ ингредиент қажет екен: пияз, сарымсақ, бал және май. Бұның мән-жайын Stopfake.kz анықтап көрді. 


Видеода сарымсақ пен пияз шырынын сығып, оған бал мен май қосу керек делінген. Алынған қоспаны зақымдалған тамырларға жағып, 3 сағат жүру керек. Роликті жасаушылардың айтуынша, бұл процедураны күніне 1 рет жасаса, тамырлар көп ұзамай қалпына келеді. Яғни, емнің нәтижесі қашан көрінетіні белгісіз. Осының өзі ойланатын жағдай.


Май мен түрлі қоспаларды жағып, варикозды тамырларды жоюға бола ма? Мұны анықтау үшін оның қандай ауру екенін білген жөн.


Варикозды тамырлар – аяқтың тіндерінде қан тоқырай бастағанда орын алатын тамырлардың патологиялық кеңеюі. ( .) Бұл веноздық қақпақша функциясының өзгеруіне байланысты болады. Қан айналымы тамырлар арқылы төменнен жоғары, артериялармен жоғарыдан төмен қарай жүреді. Ол қақпақшалардың алдында кідіріп отырып жылжиды. Бұл қанның кері ағуын болдырмайды. Әдетте қан бір қақпақшадан екіншісіне еркін айналады. Егер тәртіп бұзылса, сұйықтықтың белгілі бір бөлігі төмен түсуі мүмкін. Олай болса, веноздық қан қысымы көтеріліп, тамырлар кеңейіп, деформацияланады. Осылайша варикозды тамырлар пайда болады.


Варикозды тамырларды емдеу кешенді түрде жүргізілуі керек. Хирургияның негізінде, ал консервативті әдістер көмекші ретінде көп қолданылады. Олардың тиімділігі асыра бағаланған, бұл қате.


Халықтық емдеу құралдары, дәріханадан алынған майлар ауырсынуды уақытша ғана басады. Күн сайын жақпа жақсаңыз да, қақпақшалар дұрыс жұмыс істемейді. Ал  ауру өрши түседі.


Интернетте варикозды аралармен, сүліктермен, алма сірке суымен және балшық ванналарымен емдеуге болатын рецептілер бар. Бұл әдістердің барлығы жағдайды қиындатып, орны толмас салдарға әкелуі ықтимал.


Денсаулық мәселелерінде блогерлердің сөзіне сенбеген жөн. Халықтық ем-домның қарсы көрсетілімдері болмаса да, дәрігердің кеңесі қажет. Пияз, сарымсақ, бал және сары май қоспасы варикозды тамырларды толығымен емдейтіні ғылыми тұрғылан дәлелденбеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Варикоз #халықтық ем #жалған ақпарат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);