Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенованың қаулысына сәйкес, Қазақстанда мектеп немесе балабақшада қызылша жағдайы тіркелсе, вакцина алмаған балалар сабаққа қатыса алмайды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Балабақшаларда топтағы вакцинадан өткен балалар үлесі кемінде 90% болуы тиіс. Сондай-ақ, қызылша белгілері бар балалар мен қызметкерлер сабаққа жіберілмейді.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 77,6% жағдайда науқастар вакцина алмаған балалар болып шықты. Оның ішінде вакцина алудан бас тартқандар – 1448, медициналық қарсы көрсетілімдері барлар – 325, жас шамасына байланысты вакцина алмағандар – 778.