Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Үздік ұсыныстар үшін дауыс беру басталды

Үздік ұсыныстар үшін дауыс беру басталды

Әлеумет 02.05.2023, 07:36 918
Үздік ұсыныстар үшін дауыс беру басталды
almaty-akshamy.kz

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тұрғындардың үздік ұсыныстары үшін дауыс беру басталды


Ағымдағы жылдың 2 мамырынан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында Алматы аудандарын абаттандыру және дамыту бойынша үздік ұсыныстарға дауыс беру басталады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Ағымдағы жылдың 14 мамырына дейін Алматыда тұрақты тіркеуі бар қала тұрғындары ұнайтын үш жоба үшін портал budget.open-almaty.kz  арқылы өз дауыстарын бере алады. Дауыс беруге қатысу үшін тіркеу/авторизация талап етілмейді, жобаларды таңдауды ЭЦҚ немесе SMS-код келіп түсетін телефон нөмірі арқылы растауға болады.


Алматы тұрғындарынан ұсыныстарды қабылдау кезеңінде 897 түрлі өтінім түсті. Жобаның ең белсенді қатысушылары – Әуезов ауданының тұрғындары (162), одан кейін Наурызбай (126) және Жетісу (120) аудандары.


Өтінімдерді қарау барысында аудан әкімдіктері жанынан «Халық қатысатын бюджет» аясында құрылған сараптамалық кеңестермен дауыс беруге 373 өтінім жіберілді. Келіп түскен ұсыныстардың көпшілігі мына салаларыға қатысты:


- балалар және спорт алаңдарын салуға/жөндеуге 163 (43,7%),


- жалпыға ортақ пайдаланылатын демалыс орындарын (беседкалар, орындықтар, урналар, балалар ойындарына арналған жабдықтар мен конструкциялар) салу/жөндеу 71 (19%);


- жалпы пайдалану орындарын жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер) 51 (13,7%).


Ең көп дауыс жинаған жобаларды (50-ден кем емес) аудан әкімдіктері ағымдағы жылы іске асыратын болады.


Еске салсақ, 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасын қаржыландыруға қосымша бөлінген сома 7 млрд теңгені құрайды. Бір жобалық ұсыныстың ең жоғары құны 86,2 млн теңгеден (25 мың АЕК) аспауға тиіс. Осы жобалардың жиынтық құны әрбір аудан үшін «Халық қатысатын бюджет» лимитінен (875 млн теңге) аспауы тиіс.


Дауыс беру қорытындылары budget.open-almaty.kz порталында жарияланады. 2023 жылғы 16 мамырға дейін «Жобалар бойынша материалдар» бөлімінде.


«Халық қатысатын бюджет» бойынша консультацияны Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесінен + 7 (727) 224 39 29 (ішкі. 203), 1308  алуға болады


 Анықтама:


«Халық қатысатын бюджет» жобасы Алматыда 2019 жылдың тамыз айында іске қосылды. Сол жылы Алматы тұрғындарынан 333 ұсыныс келіп түсті, оның 49-ы іске асыруға мақұлданды; 2020 жылы – 795 (іске асыруға – 256), 2021 жылы – 934 (іске асыруға – 236) және 2022 жылы 1251 ұсыныс түсті (іске асыруға – 205) жоба жүзеге асты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #халық #бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.