ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомы жарыққа шықты

«Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомы жарыққа шықты

Тәуелсіздік-30 18.10.2021, 16:03 1,590
«Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомы  жарыққа шықты
Сурет: Vlast.kz
Қазақстанның әр облысындағы үздік ауылдар туралы кітап жарық көрді

Қазақстанның әр облысындағы үздік ауылдар туралы кітап жарық көрді


«Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомы идеясының авторы Мұратхан Шоқан жаз бойы еліміздің барлық облысынан материал жинап, жинақты жарыққа шығарған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі «Әр ауылдан шыққан азаматтар өңірдің дамуына үлес қосып отыр» дейді. Аталған кітапқа елдің барлық облысынан 2-3 үздік ауыл енген. Жалпы, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай тек 30 ауыл ғана іріктеліп алынған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 



«Бірінші мақсат - жетістікті көрсету болса, екінші мақсат - сол ауылдарды көркейтуге өлшеусіз үлес қосып отырған кәсіпкер азаматтарды көрсету. Мен бір ай бойы ауылдарды аралаған кезде көрдім. Туған жерге туын тігіп, ауылына бар ақшасын, қаражатын салып, сол ауылдың қазанын қайнатып отырған мықты азаматтар бар», – дейді Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқан.



Анықтамалық альбомда ауылдың тарихы мен ондағы әлеуметтік нысандар қамтылған. Ал ауылдан шыққан тұлғалар деген бөлімде елді мекенді көркейтіп отырған жандар таныстырылған. Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп келешекте бұл жобаның ауқымын кеңету керек дейді. Тек 30 ауыл ғана емес, 300 ауылға жетсе, нұр үстіне нұр болады деген тілегі бар.



«Қазақстан әлеуеті, Қазақстанның мұнайы, Қазақстанның астығы, Қазақстанның алтыны, күмісі деп жатамыз. Сол сияқты Қазақстан ауылдары да үздік болуы керек. Кемшілігі жоқ ауыл болмайды, әлбетте.  Дегенмен, кей ауылда барлық тиісті жағдайлар жасалған, бассейнге дейін бар. Мәселен, Қызылорда облысындағы ауылда аудан орталығына бергісіз керемет сауда үйі, жастар аллеясы бар», – деді, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп.



Салтанатты жиынға қатысқандар ауылдардың жағдайын елеп, оның ғажайыптарының қала өмірінен кем түспейтінін дәріптеуде мұндай жобалардың ықпалы зор екенін айтып тарқасты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.