AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Ұзақ уақыт ҰҚК назарында болған қылмыстық топтың...

Ұзақ уақыт ҰҚК назарында болған қылмыстық топтың 9 мүшесі ұсталды

Заң мен тəртіп 11.04.2023, 16:56 1,113
Ұзақ уақыт ҰҚК  назарында болған қылмыстық топтың 9 мүшесі ұсталды
Сурет: Halyq-uni.kz

Таразда қоғам белсенділері мен блогерлердің атын жамылған қылмыстық топ құрықталды.


Ұйымдасқан топтың серкесі өзін белгілі блогермін деп кәсіпкерлерден ақша бопсалап келген. Сондай-ақ ол жамбылдық жастарды тәрбиелеймін деген желеумен қайырымдылық қорын құрады. Қоғамдық қорға қаржы тарту үшін кәсіпкерлерді жарна төлеуге міндеттеген. Көнбегендеріне күш көрсетіп қорқытқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап. 


Қылмыс әлеміндегі топтардан қорғаймыз деп қосымша ақша алып отырған. Ал қылмысын бүркемелеу үшін әлеуметтік желіде әділеттілікті жақтаушы ретінде белсенді болып көрінген. Ұзақ уақыт Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарында болған топтың 9 мүшесі ұсталды. Үй-жайларын тінту барысында қаңтар оқиғасы кезінде қолды болған қарулар табылды. Калашников автоматынан бастап, қысқа ұңғылы мылтық пен бірнеше тапанша тәркіленген. 38 дана пышақ пен есірткі заттары да бар.



«Сонымен қатар қылмыстық топтан екі келіден астам есірткі тәркіленді. Қылмыстық топқа қатысушыларға қатысты бопсалау, қару мен есірткіні заңсыз сақтағаны үшін 12 қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда», - дейді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тараз #Қылмыстық топ #жалған блогерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);