AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Ұзақ жылдан бері алғаш рет Ұлттық қорға қол жаймай...

Ұзақ жылдан бері алғаш рет Ұлттық қорға қол жаймайтын бюджет қабылданды

Экономика 22.10.2025, 15:10 817
Ұзақ жылдан бері алғаш рет Ұлттық қорға қол жаймайтын бюджет қабылданды
Сурет: Astanatv.kz

Осындай ой айтқан Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов 2026-28 жылдарға арналған республикалық бюджеттің басты артықшылығын атады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

 - Бюджет жобасы ұзақ жылдан бері алғаш рет Ұлттық қордан қосымша нысаналы трансферттерсіз әзірленіп отыр. Бұл - толыққанды, Ұлттық қордың қолдауына сүйенбеген бюджет қабылдадық деген сөз. Мұндай нәтиже Мемлекет басшысының қаржы-бюджет жүйесін жетілдіру жөнінде берген тапсырмасын кезең-кезеңімен іске асырудың арқасында мүмкін болып отыр, - деді палата спикері.

Оның сөзінше, бюджеттің әлеуметтік бағдары сақталып отыр.

 - Халыққа қолдау көрсету басымдық болып қала береді. Мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандарын салу мен реконструкциялауға қомақты қаржы бағытталады. Бұдан бөлек, экономиканың нақты секторын қолдау шаралары ұлғайтылады. Оның ішінде өңірлердегі жаңа инвестициялық жобалар үшін «Бәйтерек» холдингінің қайтарымды қаржыландыруы арқылы да қолдау көрсетіледі. Ол тұрақты экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуға жол ашады, - деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы үш жылдық бюджет жобасында өңірлерді қаржыландыру бойынша мәселе бар екенін айтады.

 - Бүгінде салық түсімдерінің бір бөлігін жергілікті деңгейге беру заңнамалық түрде бекітілді. Бұл тәсіл қазірдің өзінде оң нәтиже бере бастады. Көптеген облыста кірістер жоспарын артығымен орындау байқалуда. Жергілікті бюджеттер қаржылық міндеттерді шешуде орнықты әрі дербес бола түсті. Осы ретте, пайда болған қосымша қаражат түрлі имидждік бастамаларға емес, басталған жобаларды аяқтауға және әлеуметтік маңызы бар жобаларға бағытталуы қажет. Үкімет пен депутаттар осы процесті қадағалауға тиіс, - деді Мәжіліс спикері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бюджет #Мәжіліс спикері #пікір
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);