AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Утильдік алым бағасы белгіленді

Утильдік алым бағасы белгіленді

Әлеумет 23.02.2022, 07:47 1,600
Утильдік алым бағасы белгіленді
news.myseldon.com

Автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетіледі. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



«Атамекен» алаңында пікірталастың 4-5 раундын өткіздік. Оларды Экология, геология және табиғи ресурстар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері, сарапшылық қауымдастықтар ұйымдастырды. Нағыз сарапшылар, өтірік сарашылар, автоөндірушілер - бәрі-бәрі қатысты. Әрине, пікір өте көп. Елімізге шетелдік ескі-құсқы көліктерді кіргізу үшін утильдік алымды мүлдем алып тастау мәселесі де көтерілді. Отандық машина жасау саласына нұқсан келтіруге тырысқандар да болды», - деді Роман Скляр «Хабар-24» телеарнасындағы «Сұхбат» бағдарламасы барысында.



Дегенмен, ол утильдік алымға қатысты теңгерімді шешім қабылданғанын атап өтті.



«Автоөнеркәсіпті ынталандыру деңгейі жалпы бізге көліктің барлық түріне және құрастырылатын ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді», - деді бірінші вице-премьер.



Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда Үкіметтің кеңейтілген отырысында утильдік алым төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірген болатын.



«Қазақстанда халықаралық жүк тасымалына 7,5 мың тіркемелі көліктер жұмыс істейді. Ресейдің халықаралық тасымалында 34 мың, Белаурь елінде 15 мың, Өзбекстанда 8 мың көлік қатысуда. Отандық кәсіпорындар нарықта орнын жоғалтуда. Көршілерімізден ұтылып жатырмыз деген сөз. 2017 жылдан бері отандық тасымалдаушылардың халықаралық тасымал нарығындағы үлесі 1,5 еседен астам қысқарған. Сондықтан Үкіметке бұл саладағы саясатты жетілдіру, оның ішінде утильдік алым бойынша ұсыныс дайындау керек», - деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #утиль #баға #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);