AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Утиль мәселесінде ешқандай өзгерістер болмайды

Утиль мәселесінде ешқандай өзгерістер болмайды

Әлеумет 27.05.2025, 12:37 904
Утиль мәселесінде ешқандай өзгерістер болмайды
интернеттен

Бұл туралы Өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Журналистер осыған дейінгі экс-министр Қанат Шарлапаев утиль алымға қатысты ұстанымын ашық айтқанын айтты. Тілшілер Ерсайын Нағаспаевтан осы мәселеге қатысты көзқарасы қандай екенін сұрады.

"Қанат Бисембайұлы өте көп жұмыс істеді. Үкімет мүшесі, министр ретінде позициям Үкіметтікімен үндеседі. Сондықтан ешқандай өзгерістер болмайды", - деді Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Тілшілер "Отандық автоөндірісте эконом санаттағы ең қолжетімді түрі қаншадан болып жатыр? Ең төменгі айлық, яғни 85 мың теңге алатын қазақстандық отандық өндірістен ең арзан көлік сатып алу үшін қанша жыл ақша жинау керек?" деп нақтылады.

Бұл сауалға Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев жауап берді.

"Қазақстанда автокөлік өндірісімен 8 өнеркәсіптік кешен айналысады. Оның екеуі жеңіл автокөлік өндірісіне бағдарланған. Қостанайда және Алматыда орналасқан. Жеңіл өнеркәсіп бойынша олардың былтырғы өндіріс көлемі 134 мың болды. Ең төменгі санаттағы автокөлік құны 6 млн теңгеге жуық. (…) Жалақы мәселесі біздің министрліктің тікелей құзыретіне кірмейді. Бірақ математикалық тұрғыдан алсаңыз, 6 млн теңгені 85 мың теңгеге бөлесіз ғой", - деді Азамат Панбаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#утиль #көлік #өзгеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);