AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Үстіміздегі жылы 120 ауылдың тұрғындары орталықтан...

Үстіміздегі жылы 120 ауылдың тұрғындары орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етіледі

Әлеумет 04.05.2022, 05:18 1,142
Үстіміздегі жылы 120 ауылдың тұрғындары орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етіледі
Сурет: M24.ru

220 ауылда кешенді блок-модуль орнату жоспарланған.


Қазақстан Үкіметі үстіміздегі жылы мемлекет азаматтарын таза ауыз сумен қамту мақсатында 215 млрд теңге жұмсауды көздеп отыр. Бұл туралы Қазақстанның  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ИИДМ басшысының ақпараты бойынша, ауылдық жерлерде сумен жабдықтау көрсеткіштері бойынша Алматы (99,1%), Атырау (99%), Қызылорда (97,8%) және Маңғыстау облыстары (96,2%) әкімдіктері көш басында. Ауылдық елді мекендерде ауыз сумен қамтудың ең төменгі деңгейі Қостанай (74,9%) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (83,5%) байқалады.



«Айта кетерлігі, көрсеткіштері төмен өңірлерге сумен қамтамасыз ету деңгейін арттыру үшін басым негізде қаражат бөлінеді. Мәселен, 2022 жылы осы мақсатта республикалық бюджеттен 215 млрд теңге көзделген. Сондай-ақ, тағы 120 ауылды орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етіп, халық саны аз 220 ауылға кешенді блок-модульдер орнату жоспарлануда», - делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Мамандардың айтуынша, ауылдарды сумен қамтамасыз ету барысына мониторинг жасау үшін Интерактивті карта әзірлеген болатын. Аталған карта ғаламторда қолжетімді.



«Картада сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету, қаржыландыру көлемі, халық саны, тозу деңгейі және басқа да өзекті ақпарат көрсетілген. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі біздің тұрақты бақылауымызда екенін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар интерактивті картаны сапалы және уақтылы толтыруы қажет», – деп атап өтті Қайырбек Өскенбаев.



Халықпен кері байланыс орнату мақсатында азаматтардың барлық өтінішін қабылдау мен өңдеуге арналған бірыңғай платформа арқылы картаға қосымша функцияларды қосу бойынша шаралар қабылданған.


Сондай-ақ, ведомство басшысы салынған су құбыры желілері іс жүзінде әкімдіктердің теңгерімінде қалып не болмаса білікті мамандары мен арнайы мамандандырылған техникасы жоқ кәсіпорындар мен ұйымдарға беріліп жататынына баса назар аударды.



«Сумен жабдықтау желілеріне әкімдіктермен қатар бұл жұмысқа бейінделмеген кәсіпорындар қызмет көрсетеді. Бұл өз кезегінде желілердің тез арада тозуына әкеп соғады және қайта қалпына келтіру үшін қосымша шығынды талап етеді. Осыған байланысты «бір аудан – бір кәсіпорын» қағидаты бойынша су арналарын ірілендіру ұсынылады. Бұл шара көрсетілетін қызмет сапасын және жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», – деді министр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #халық #Қазақстан #вода
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);