AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Үстел теннисінен Қарулы Күштердің чемпионаты өтті

Үстел теннисінен Қарулы Күштердің чемпионаты өтті

Спорт 19.01.2023, 16:00 1,255 Almaty-akshamy
Үстел теннисінен Қарулы Күштердің чемпионаты өтті
Сурет: Министрлік

Турнирге барлығы 120-дан астам спортшыдан тұратын 41 команда қатысты


Турнир Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайында XIII Спартакиада аясында Қорғаныс министрлігі Орталық аппаратының, Бас штабтың және Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшелері арасында өтті. Оны Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Турнир барысында Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев пен бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің арасындағы ойын көрермен назарын аударды.


Жарыстың құрметті қонағы Серік Сәпиев Қорғаныс министрлігінің спортты дамытып жатқанына ризашылығын жеткізді.


Турнирге барлығы 120-дан астам спортшыдан тұратын 41 команда қатысты. Мандаттық комиссияның шешімімен жарысқа қатысуға өтініш берген командалар екі топқа бөлінді.


Бірінші топтағы чемпионат кубогын Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің командасы, екінші орынды Мемлекеттік әскери-тарихи мұражай, үшінші орынды Заң департаменті жеңіп алды. Екінші топта Ұлттық қорғаныс университетінің командасы жеңіске жетсе, екінші орынды елордалық авиациялық база қанжығалады. Жүлделі үшінші орын Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының еншісінде.


Турнир барысында Заң департаментінің өкілі, Қарулы Күштердің қызметкері Болат Нұрмағанбетов пен Ұлттық қорғаныс университетінің PhD докторы, подполковник Амангүл Алдабергенова «Үздік техникасы үшін» номинациясын жеңіп алды. Заң департаментінің кіші сержанты Ардақты Ахметжанованың табандылығы «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясын бағындырды. Бұл марапатқа Әскери инфрақұрылым бас басқармасының командасы да ие болды.


Чемпионат жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үстел теннисі #Қарулы күштер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);