Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Қазақстанның ерлер құрамасы екі кездесу өткізді. Бірінші кезекте отандастарымыз Солтүстік Корея құрамасынан 3:2 есебімен басым түсті. Екінші ойында Пәкістан құрамасын 3:0 есебімен айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.
Бұл нәтижелер ұлттық құрамамызға топта бірінші орын алуға және турнирдің сегіздік финалына шығу үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік берді.
Қазақстан бұған дейін Пәкістанды 3:0 есебімен таза жеңді.
Финалдық сегіздікке кіру үшін Қазақстан бүгін, 8 қазанда Таиланд-Сауд Арабиясы жұбының жеңімпазымен сайысқа түседі.
Үстел теннисінен ерлер құрамасы Азия чемпионатын сәтті бастады
Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты өтіп жатыр.Қазақстанның ерлер құрамасы екі кездесу өткізді. Бірінші кезекте отандастарымыз Солтүстік Корея құрамасынан 3:2 есебімен басым түсті. Екінші...