ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Көрме / Ұстазға тағзым

Ұстазға тағзым

Көрме 05.12.2023, 07:39 1,892
Ұстазға тағзым
almaty-akshamy.kz
Ақрап Жұбановтың 95 жылдығына арналған көрме ұлттық мәдениетті дәріптейді

Ақрап Жұбановтың 95 жылдығына арналған көрме ұлттық мәдениетті дәріптейді


Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақ бейнелеу өнерінің кәсіби деңгейге жетуіне, өнердің әр саласы бойынша тұрақты білім алу жүйесін қалыптастыруға өзіндік үлесін қосқан суретші-педагог, қоғам қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ақрап Жұбановтың 95 жылдығына арналған республикалық көрме ашылды.


Бұл көрмеге Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Өскемен, Талдықорғаннан және Алматы облысынан 120 суретші қатысуда. Кескіндеме, графика, мүсін, қолданбалы өнерден бас-аяғы 150-ге жуық туынды қойылған.




– Көрменің ерекшелігі – 1963-1992 жылдар аралығында суретші-педагог Ақрап Құдайбергенұлы басшылық еткен Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінде әр кезеңде білім алған түлектер ұстазға тағзым ретінде өз туындыларын көрермен назарына ұсынып отыр. Бұл көрмеде тарихтың өткен сарыны мен бүгінгі ақиқатында 85 жылдық тарихы бар білім ордасымен тағдыры тікелей байланысты өнер саңлақтарының шығармашылықтары заман ағымына қарай сабақтасып, қазақ бейнелеу өнерінің едәуір өркендеу үрдісіне үлес қосқан суретшілердің тұлғалық бейнесі айқындалады. Экспозицияда суретшілердің бейнелеу мен қолданбалы өнерінің әрбір жанрда реалистік, абстракциялық, авангардтық, минимализмдік, концептуалдық мәнердегі көркемдік идеяларын, заманауи көркем шығармашылықтың авторлық мәнерін кеңінен тануға мүмкіндік береді, – дейді көрме жетекшісі Гүлнар Қуандыққызы.




Иә, бүгінде сол өнердің қара шаңырағында тәрбиеленіп, суретші атанған түлектердің ішінде есімдері тарихта алтын әріппен жазылған аға буын өнер саңлақтары көрмеде өмірлік тәжірибесін, ішкі әлемін, өзіндік тұлғалық мәнерін, креативті ой-тұжырымын, өзгеше потенциялдарын ортаға салып, мағыналы да мәнді туындыларын ұсынады. Суретшілердің шығармалары ұлттық тарихты, мәдениетті, салт-дәстүрді дәріптейді, бүгінгі күнгі әлеуметтік тақырыптардан сыр шертеді, ой-сананы сан тарапқа жетелейтін композициялық идеялары, ондағы динамикалық үндестік және уақыт кеңістігіндегі болмыс дәріптеледі.


Суретші-педагог Ақрап Құдайбергенұлының әкесі қазақ зиялы азаматтарының бір, ғалым-лингвист профессоры, түріктанушы, педагог Құдайберген Қуанұлы Жұбанов (1899-1938). А.Қ.Жұбанов 1949 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, 1958 жылы Ленинград қаласындағы В.И.Мухин атындағы ВХПУ-ді бітірген.



Ақрап Жұбановтың 95 жылдығына орай ұйымдастырылған көрме желтоқсанның соңына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.