AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Ұстаздарым мен сіздермен мақтанам...

Ұстаздарым мен сіздермен мақтанам...

Білім және ғылым 04.10.2024, 11:05 1,657 dulatbekova
Ұстаздарым мен сіздермен мақтанам...
Сурет: Gov.kz

Елімізде «Мектепке дейінгі ұйымдардың үздік педагогтері» анықталды

Мұғалімдер күні қарсаңында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Балаларды ерте дамыту институты ұйымдастырған «Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогы» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Оған еліміздің барлық өңірлерінен мектепке дейінгі білім берудің 227 педагогы қатысты.

Мақсаты-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруда заманауи тәсілдерді іске асыру үшін үздік педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату.

Бірінші турда қатысушылар өздерінің портфолиоларын ұсынып, «Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі Заманауи педагогтың рөлі» тақырыбында эссе жазды, сондай-ақ жұмыс күнінен бейнематериалдар көрсетті. Екінші турда қатысушылар өздерінің оқыту және тәрбиелеу әдістемесін таныстырды.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Батыс Қазақстан облысынан келген балабақша тәрбиешісі Айжан Нұрсейітоваға бұйырды.

І орынды Батыс Қазақстан облысының № 3 «Елочка» балабақшасының тәрбиешісі З.Орынғалиева, Қызылорда облысының № 19 санаторий-балабақшасының тәрбиешісі Э. Абдуайтова және Ақмола облысының «Жұлдыз» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы А. Ғабидуллина иеленді.

II орынды Қарағанды облысының «Балдырған» арнайы балабақшасының логопед-мұғалімі Е.Дегтярева, Тараз қаласының № 8 бөбекжай-бақшасының қазақ тілі педагогы Б. Үмбетова, Шығыс Қазақстан облысының «Еңлік» бөбекжай-бақшасының музыкалық жетекшісі А. Бекшойнова иеленді.

III орынға Қостанай облысының № 15 бөбекжай тәрбиешісі Т. Кудрявцева, Жетісу облысының «Арай» балабақшасының тәрбиешісі А.Душабаева, Павлодар облысының № 8 балабақшасының тәрбиешісі М. Сырымбаева және Ұлытау облысының «Ақерке» бөбекжайының тәрбиешісі С. Ибрагимова лайық деп танылды.

Сондай-ақ, жеңімпаздарға «Шебер педагог», «Креативті педагог», «Өнерлі педагог» және «Жаңашыл педагог» арнайы номинациялары табысталды.

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектепке дейінгі ұстаздар #Үздік педагог #тәрбиеші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);