AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / «Ұстаздар үйінің» қызметкерлері референдумды қолда...

«Ұстаздар үйінің» қызметкерлері референдумды қолдайды

Референдум - 2022 23.05.2022, 11:38 1,194
«Ұстаздар үйінің» қызметкерлері референдумды қолдайды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы парламенті Мәжілісінің депутаттары: Сарым Айдос Әміроллаұлы, Сулейменова Жұлдыз Досбергенқызы, Құспан Айгүл Сайфоллақызы, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Бөлекбаева Райхан Чантықызы, «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің» директоры, Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Тайтулеев Төлеуғали Мұхаметжанұлы және Аманат партиясының Алматы қаласы Әуезов аудандық филиалының төрағасы Ордабаева Найля Алтынбекқызы өткен аптада «Ұстаздар үйіне» келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Өрлеу» – Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Садвакасова Раиса Аждарқызы қонақтарды күтіп алып, курс өтіп жатқан аудиторияларды аралатып, мұғалімдермен кездестірді.


Халықтың жағдайын жақсартуды көздейтін Референдум туралы түсіндірме жұмысымен келген  Мәжіліс депутаттары қолданыстағы Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың сұранысына негізделіп, жалпы қоғамның мүддесіне бағытталғаны туралы баяндады.


Атап айтсақ, жер және оның қойнауындағы байлықтар мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі, Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс, Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметшілер лауазымдарын атқаруға құқығы жоқ, Конституциялық сот, тағы да басқа жаңа Қазақстанның келбетін айқындай түсетін өзгерістерге жан-жақты тоқталды.


Президенттің өкілеттігін күшейту емес, ықпалды Парламент құру арқылы қарапайым халыққа есеп беретін Үкімет қалыптастыруды көздейтін бүкілхалықтық референдум ерекшеліктерін тайға таңба басқандай нақтылап түсіндірген лауазымды қонақтар «Ұстаздар үйінің» қызметкерлерімен дөңгелек үстел басында кездесіп, мұндағы түйінді мәселелердің тиімді шешімін қарастыруға уәде берді.


Елін, жерін, тарихын қастерлейтін, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты қолдайтын әрбір азамат Жаңа Қазақстанның болашағы үшін 5 маусымда өтетін референдумға қатысып, өз таңдауын жасайды. Бұл – біздің азаматтық борышымыз!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #өрлеу #ұстаздар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);