ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұшқыштар мен диспетчерлер тәжірибе алмасады

Ұшқыштар мен диспетчерлер тәжірибе алмасады

Әлеумет 05.05.2025, 13:05 605
Ұшқыштар мен диспетчерлер  тәжірибе алмасады
Суретті түсірген - С.Құсайынов
Air Astana әуе компаниясы мен «Қазаэронавигация» рес­публикалық мемлекеттік кәсіпорны арасында өзара ынтымақ­тастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат екі саланың мамандары – ұшқыштар мен әуе...

Air Astana әуе компаниясы мен «Қазаэронавигация» рес­публикалық мемлекеттік кәсіпорны арасында өзара ынтымақ­тастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат екі саланың мамандары – ұшқыштар мен әуе қозғалысын басқаратын диспет­черлер арасындағы кәсібилікті арттыруға бағытталған. 

 Келісім аясында диспетчерлер ұшақ кабинасында бақылаушы ретінде ұшу мүмкіндігіне ие болады және авиатренажерлерде тәжірибе­ден өтеді.

Сонымен қатар, Air Astana ұш­қыштары «Қазаэронавигация» орта­лықтарына барып, әуе қозғалысын басқару жұмысымен таныса алады. Бұл іс-шаралар екі тарап бір-бірінің қызметін тереңірек түсінуге, үй­лесімділікті арттыруға және авиа­циялық қауіпсіздік пен ұшу тиімділігін жетілдіруге мүмкіндік береді. Құжатқа «Қазаэронавига­ция» РМК бас директорының бірінші орынбасары Фаат Богдашкин және Air Astana әуе компаниясының өндіріс жөніндегі атқарушы дирек­торы Филиппос Сиаккас қол қойды. Іс-шара барысында тараптар БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, болашақтағы бірлескен бас­тамалар мен жоспарларын бөлісті.

Сондай-ақ, спикер тәжірибе ал­масу бағдарламасында экипаж жұ­мысын үйренуге арналған дәрістер де барын айтты. Диспетчерлер үшін өндірістік тәжірибе де қарастырыл­ған. Сол сияқты, ұшқыштар да дис­петчер жұмысымен танысады. Ко­мандир мен диспетчер ұшу кезінде бір-бірімен қалай байланыс орна­тады, қандай мәселелер туындай­ды – осының барлығын меңгереді.

 

 ТАҚЫРЫПҚА ОРАЙ

 Фаат БОГДАШКИН,  «Қазаэронавигация» РМК бас директорының бірінші орынбасары:

ӘУЕ ҚАУІПСІЗДІГІ: ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ ОРТАҚ

Бүгінгі қолға алынған бастама – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Әуе қозғалы­сын басқаратын диспетчер мен әуе кемесін басқаратын экипаж бір-бірінің жұмысын жетік білуі қажет. Бұл келісімнің негізгі мәні осында. Осы мақ­сатта экипаж қатарында біздің диспетчеріміз де болмақ. Ол ұшақтағы командир мен екінші ұшқыштың жұмысымен танысады, қандай функция­ларды орындайтынын, кабинадағы жұмыстарды көреді. Өйткені, диспет­чер мен экипаж арасындағы байланыс үнемі үздіксіз жүреді: әуе кемесі тұрақта тұрған сәттен бастап, қозғалып, ұшып, қайта қонғанға дейінгі аралықты қамтиды.

Филиппос СИАККАС,  Air Astana әуе компаниясының өндіріс жөніндегі атқарушы директоры:

МАҚСАТ – ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІКТІ НЫҒАЙТУ

Әуе қозғалысының қауіпсіздігі диспетчер мен экипаждың өзара түсіні­суі мен бірлесе жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Диспетчерлерге әуе кемесінің кабинасында отырып, ұшқыштармен бірге ұшу және авиатре­нажерде тәжірибеден өту мүмкіндігі берілді. Олар ұшқыштардың жұмы­сымен танысып, әуе кемесін басқаруды түсінеді. Ұшқыштар да диспет­черлік орталықтарға барып, әуе қозғалысын басқару барысымен таныса алады. Бұл – екі тараптың шешім қабылдау тәсілін және бір-біріне қалай әсер ететінін жақсырақ түсінуге жол ашады. Мақсат – ұшу қауіпсіздігін арттыру және екі құрылым арасындағы өзара әріптестікті нығайту.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,255 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,294 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,182 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.