Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұшқыштар даярлайтын жоғары оқу орнына үміткерлерді...

Ұшқыштар даярлайтын жоғары оқу орнына үміткерлерді іріктеу басталады

Әлеумет 20.07.2023, 08:26 916
Ұшқыштар даярлайтын жоғары оқу орнына үміткерлерді іріктеу басталады
Сурет: ашық дереккөз

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтында осы жылдың 21 шілдесінен 8 тамызына дейін жергілікті әскери басқару органдарына өтініш берген талапкерлер іріктеуден өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Оқу орны «мемлекеттік авиациядағы әуе кемелерін ұшуға пайдалану», «авиациялық техника және технологиялар», «ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды пайдалану», «әскери медицина», «әскери істегі теңіз техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша даярлайды.



– Жоғары оқу орны тәжірибелі профессорлық-оқытушылық кадрлармен жасақталған. Бұл білім ордасында курсанттарды ұшу және инженерлік-техникалық мамандықтарға оқыту үшін қажетті материалдық-техникалық база бар, – деп атап өтті Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы полковник Талғат Сыздықов.



Оқу орнына іріктеу барысында талапкерлер әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес кәсіби-психологиялық іріктеуден, медициналық куәландырудан өтеді, дене даярлығы жөніндегі нормативтерді тапсырады.


Биылғы жылы институт қазақстандықтар үшін 215 орын, Ресей, Армения және қытай әскери оқу орындарына түсетін талапкерлер үшін 28 орын бөліп отыр. Бұдан басқа, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер үшін әскери кадрлар даярлау туралы келісімге сәйкес оқу орны Тәжікстан Қарулы күштерінің өкілдеріне 6 орын береді.


Курсанттарды «әскери істегі теңіз техникасы және технологиялар» мамандығы бойынша білім алудың ерекшеліктері бар. Алғашқы екі курста жалпы білім беретін және жалпы әскери пәндерді оқыту Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында жүреді. Ал үшінші – бесінші курстардағы теңіз техникасына қатысты бейінді пәндер Ақтау қ. Шахмардан Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінде оқытылады.


Қазақстанда әскери мамандарды даярлау Алматыдағы екі  жоғары оқу орнында – армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында, сондай-ақ  Ақтөбедегі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында жүзеге асырылатынын айта кеткен жөн.


Бұл оқу орындарында тактикалық буын командирлері дайындалады. Білім алып шыққан түлектерге «лейтенант» әскери атағы беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұшқыштар #даярлау #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.