AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ұшатын таксилер 2025 жылдан бастап қызмет көрсете...

Ұшатын таксилер 2025 жылдан бастап қызмет көрсете бастайды

Әлем 14.11.2021, 08:15 2,065
Ұшатын таксилер 2025 жылдан бастап қызмет көрсете бастайды
Cурет: newstyle

2035 жылы мұндай  көліктердің нарығы 25 млрд долларға жетеді


Ұшатын көліктер бізге қазір ғылыми фантастика сияқты көрінуі мүмкін. Алайда олардың өмірге келуіне аз уақыт қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Еuronews.com сайтының мәліметінше, бүгінгі таңда адамдар мен жүктерді таситын өздігінен ұшатын аппараттарды жасауға қомақты қаржы бөлініп жатыр. Бұл дегеніңіз ұшатын көліктердің көп ұзамай өмірге келетінін  білдіреді.


Қазір адамдар көп уақытын көлік кептелісінде өткізеді, тығыз шаруамен жүргендер дер кезінде діттеген жеріне жете алмай қапа болып жатады. Сондықтан көпшілікті автомобилден гөрі әуеде ұшатын көліктің іске қосылғаны қызықтырады. Мамандардың болжамы бойынша, 2035 жылы мұндай  көліктердің нарығы 25 млрд долларға жетеді. Сол себепті инвесторлар ұшатын көліктердің жобасына қаражат құйып жатыр екен. 


Ұшатын көліктердің бірі  - тігінен ұшып, қонатын eV-TOL аппараты. Ол ауаға зиянды көмірқышқылды таратпас үшін электр қозғалтқышымен жабдықталған. 


Қазір 20 жолаушыға дейін тасымалдай алатын аппаратты шығарумен әлем бойынша 50-ден астам кәсіпорын айналысып жатыр. Соның бірі түркиялық AirCar  стартапы. Ыстамбұлдық жоба 2017 жылдан бері қаладағы көлік кептелісі мен ауаны ластау мәселесін шешуге тырысып жатыр. AirCar басты мақсаты – электр қозғалтқышымен жабдықталған ұшқышсыз әуе таксиі паркін құру. 


Шағын көліктерді мыңдаған сынақтан өткізгеннен кейін биылдан басап толық көлемді аппаратты сынақтан өткізуді басталған. Компанияның негізін қалаушы Ерая Алтынбозардың айтуынша, әуе таксиі арқылы жолаушыларды тасымалдау 2025 жылы іске қосылады. Алайда, ол үшін бірнеше кедергіні еңсеру қажет. 


Мұндай кедергінің бірі – табыс табу. Берлин техникалық университетінің профессоры Андреас Барденхагенның пайымдауынша, ұшатын көлікке қарағанда әдеттегі пойыз Берлин орталығынан әуежайға дейін адамдарды анағұрлым көп жеткізеді. Егер ұшатын көлік арқылы жүздеген адамды тасымалдау басталса әуе кеңістігіндегі жүктеме шамандан тыс артады. Бұл қала тұрғындарына ұнай қоймауы мүмкін. Сондықтан ұшатын такси қызметіне қалталы адамдардың бір бөлігі ғана жүгінуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұшатын такси #Ғылым #техника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);