AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Ұшаққа оқ жаудырды

Ұшаққа оқ жаудырды

Әлем 13.11.2024, 18:20 1,642
Ұшаққа оқ жаудырды
pixabay.com

Оқиға Spirit Airlines авиакомпаниясының NK951 рейсі Гаити астанасы Порт-о-Пренс қаласындағы Туссен-Лувертюр халықаралық әуежайына қону кезінде орын алған. Airbus A320neo ұшағы қонуға жақындап қалғанда, әуе кемесіне бағытталған оқ ұшақтың алдыңғы бөлігіндегі қаптаманы тесіп өтіп, кабина мен жоғарғы жүк бөлігіне зақым келген, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Осы сәттен кейін ұшақ қайта көкке көтеріліп, Доминикан Республикасының Сантьяго қаласындағы қосымша әуежайға қонды.

Атқылау нәтижесінде бір бортсерік жеңіл жарақат алып, медициналық қызметкерлердің бақылауына алынды. Жолаушылардың арасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Ұшақ пайдаланудан шығарылды, ал барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері басқа ұшақпен отырғызылды.

Оқиға салдарынан Порт-о-Пренс әуежайына бағытталған барлық рейстер тоқталған. 

Spirit Airlines компаниясы оқиға бойынша ресми мәлімдеме жасады. Онда рейс Форт-Лодердейлден (Флорида) Порт-о-Пренс қаласына бағыт алған кезде, ұшақтың Сантьяго (Доминикан Республикасы) әуежайына қайта бағытталғаны, тексеру кезінде ұшақтың зақымданғаны, және бұл зақымдардың атқылаудан болғаны мүмкін екені айтылды. Компания, сондай-ақ, бортсеріктің жеңіл жарақат алғанын және қазіргі таңда медициналық бақылауда екенін хабарлады.

Пассажирлердің ешқайсысы жарақат алған жоқ. Ұшақты пайдалану тоқтатылып, жолаушылар мен экипаж басқа ұшақпен жеткізілетін болады. Spirit Airlines компаниясы қауіпсіздікке баса назар аударып, Порт-о-Пренс және Кап-Аитьен әуежайларына қызмет көрсетуді уақытша тоқтатты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әуежай #ұшақ #оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);