AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұшаққа билет алу неге қымбат?

Ұшаққа билет алу неге қымбат?

Әлеумет 30.05.2023, 06:27 1,282
Ұшаққа билет алу неге қымбат?
Сурет: primeminister.kz
Үкімет отырысында Air Astana президенті Питер Фостер ұшақ билетінің бағасы қалай есептелетінін және билетті қалай арзанырақ сатып алуға болатынын айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Ол Fly Arystan-дағы баға белгілеу серпінді екенін және мұндай тәжірибені барлық әлемдік тасымалдаушы қолданатынын айтты.


«Бағаны, тарифтерді, біз айтатын 13 қосалқы класты нарық белгілейді. Бұл нені білдіреді? Біреу билетті ертерек брондаса, сатып алса, біз соғұрлым төмен тариф ұсына аламыз. Сонымен қатар сатып алған күнге де байланысты. Жоспарлау уақытына да байланысты. Егер билет жұма түні сұраныстың жоғары сәтінде алынса, әрине, тариф жоғарырақ болады. Бірақ бұл шығынға байланысты баға моделі емес. Бұл тек нарыққа, сұранысқа байланысты динамика. Бұл стандартты халықаралық тариф саясаты, бүкіл әлемде қолданылады және тек нарыққа тәуелді»,-дейді Air Astana президенті.

Оның айтуынша, Fly Arystan сұраныс аз кезде шығынға батады. Өйткені билет бағасы төмендейді. Ал компания қызметкерлерінің жалақысы бұрынғысынша қалады.


«Бірақ сұраныс жоғары болған кезде, тарифтер де жоғары болып, тасымалдаушының пайда табуына мүмкіндік болады», - деді Питер Фостер.

Компания президенті тарифке негізделген саясат мәселесі жұртшылықтың көп назарын аударып, көп сұрақ туғызатынына келісті. Бірақ, оның айтуынша, авиакомпания өзі жұмыс істейтін жағдайда қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр.


«Біз күшті инфляциялық қысыммен жұмыс істеп жатырмыз. Дегенмен жол жүру ақысын барынша төмен ұстау үшін барлық шараны қолданып жатырмыз. Ішкі тарифтерде ешқандай қозғалыс немесе өзгеріс жасаған жоқпыз. Fly Arystan ішкі тарифтердің 54%-ын 14 000 теңгеден төмен сатады. Air Astana 47%-ын 20 000 теңгеден төмен сатады. Негізі Fly Arystan-ның былтыр сатқан орташа тарифтеріне қарасаңыз, барлығы 49 доллар. Fly Arystan ашылғанға дейін 2019 жылдың контексінде, Air Astana-ның ішкі рейстерге орташа тарифі 81 доллар болды»,- деп түсіндірді Питер Фостер.

Оның айтуынша, Қазақстанның ішкі нарығы 2020 жылы айтарлықтай құлдырау болғанына қарамастан, өте жоғары қарқынмен дамып келеді. IATA статистикасына сәйкес, біздің ел қазір әлемде ең жылдам дамып жатқан ішкі тасымалдау нарығына ие.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ұшақ #билет #қымбат #Fly Arystan
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);