Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекетт...

Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды

Әлеумет 05.01.2025, 20:00 682
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Сурет: ТЖМ

Маңғыстау облысында Төтенше жағдайлар департаментінің он құтқарушысына Ақтау қаласында орын алған ұшақ апатының салдарын жою кезінде көрсеткен кәсібилігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін мемлекеттік наградалар табыс етілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай операцияға қатысушыларға наградалар табыс етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мәселен өрт сөндіру қызметінің және мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің үш өкілі:

Байтөре Олжас Серікбайұлы — № 12 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы,

Оңғар Серіболат Айтмұханбетұлы — № 12 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі,

Сәркенов Мәрлен Бегендікұлы — № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Мына қызметкерлер:

Аллабергенов Қожабек Сапарұлы — «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Маңғыстау облысы бойынша филиалының көлік жүргізушісі-санитары,

Бағытов Манас Машрықұлы — Жедел құтқару жасағының құтқарушысы,

Естемес Әлішер Нұржанұлы — «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің екінші пилоты,

Құдабаев Асхат Құдайбергенұлы – «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемесінің командирі

Құбайдуллаев Заманбек Мұратұлы —  Апаттар медицинасы орталығы филиалының фельдшері,

Оразбеков Оспан Жалғасынұлы —  Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігері «Ерлігі үшін» медалмен марапатталды.

Апаттар медицинасы орталығы филиалының психологы Есен Жан Байкенқызы «Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталды.

Сонымен қатар өрт сөндіру бөлімдері мен медициналық мекемелердің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттарын алды, олар да адамдарды құтқаруда және қайғылы оқиғаның салдарын жоюда шешуші рөл атқарды.

Марапатталғандардың ішінде 68 адам, оның ішінде ТЖ департаментінің 24 қызметкері және облыстың түрлі салаларының 44 өкілі бар. ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әріновтың атынан марапаттарды Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов табыстады.

Бұл марапаттар өз еңбектерімен өңір тұрғындарының қауіпсіздігі мен қорғалуына елеулі үлес қосқан барлық қатысушылардың апатты жоюда көрсеткен жоғары кәсіби біліктілігін, жанқиярлық пен батылдығын мойындау болып табылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұшақ апаты #салдарын жоюшылар #Мемлекеттік награда #Марапат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.