AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Үш елдің су және энергетика ведомстволары келіссөз...

Үш елдің су және энергетика ведомстволары келіссөз жүргізді

Экономика 15.10.2024, 09:39 1,728
Үш елдің су және энергетика ведомстволары келіссөз жүргізді
Сурет: Gov.kz

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ташкентте өткен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының кездесуіне қатысты.

Сондай-ақ, жиынға ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Шавкат Хамраев, Өзбекстанның Энергетика министрі Журабек Мырзамахмудов, Қырғызстанның Энергетика министрі Таалайбек Ибраев қатысты. Қонақ ретінде Әзірбайжан Энергетика министрінің орынбасары Камал Аббасов қатысты.

Отырыста өңірдегі су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелері қаралды. Cондай-ақ, Қазақстанның оңтүстігіндегі егіс алқаптарын суаруға су алынатын Қырғызстандағы Тоқтағұл су қоймасының алдын ала жұмыс кестесі қаралды.

Бұл іс-шаралар 2025 жылдың суару кезеңінде пайдалану үшін Тоқтағұл су қоймасында қажетті су көлемін ұстап тұруға бағытталған.

«Су-энергетика саласы - біздің мемлекеттеріміз үшін ынтымақтастықтың маңызды бағыты болып табылады. Биылғы жыл өңірдегі тығыз қарым-қатынасты дамытудың жарқын үлгісі болды. Бірлесіп қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде біз су қажеттіліктерін қанағаттандыра алдық. Бірінші кезекте, Солтүстік Арал теңізіне су жіберу жоспары орындалды. Күзгі-қысқы кезеңнен қауіпсіз өту және келесі жылы шаруаларды суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету үшін қол жеткізілген келісімдерді ұстануды жалғастырамыз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #энергетика #министрлер #Қазақстан #Өзбекстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);