AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Үш баласын үйінен қуып шыққан Марат Әйтенов кім?

Үш баласын үйінен қуып шыққан Марат Әйтенов кім?

Заң мен тəртіп 14.07.2024, 12:17 1,437
Үш баласын үйінен қуып шыққан Марат Әйтенов кім?
скриншот

Астанада бұрынғы әйелі мен үш баласын тұрып жатқан үйінен мәжбүрлеп шығарып жіберген ер адам қамалды. 

Астаналық Дана Атешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің полицейлермен және жеке сот орындаушылармен бірге үйіне келіп, балаларды бір-бірлеп үйден мәжбүрлеп шығарғанын, өзін соққыға жыққанын әлеуметтік желіде жариялаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Осыған орай Астана полициясы тергеу басталғанын мәлімдеді.

Марат Әйтенов — Шымкенттің бұрынғы әкімі Мұрат Әйтеновтің туған бауыры.

«Жеке сот орындаушылары үйден шығару туралы сот шешімін орындап жатқанда бұрынғы ерлі-зайыптының арасында жанжал туды. Күш қолдану дерегі бойынша Әйтеновке қатысты тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды. Соның нәтижесіне қарай процессуалды шешім қабылданады», - деді ведомстводағылар. 

Бүгін адвокат Дамир Ишмаметов әлеуметтік желідегі парақшасында Марат Әйтеновтің қамауға алынғанын жеткізді.

Оның айтуынша, Әкімшілік кодекстің 73-бабы бойынша тергеу соты болады.

«Қылмыстық кодекстің 108-бабы, 1-бөлімі бойынша іс қозғалды. Мұнымен тоқтап қалмаймыз, күдіктінің әрекетінде өзге де қылмыстың белгілері бар, полициядан жаза қолдануын талап етеміз. Сондай-ақ ер адам әйелді ұрып жатқанда араласпай құр қарап тұрған полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр. Біреуі тіпті сот орындаушыларына көмектесіп, баланы жылаған күйі көтеріп сыртқа шығарып тастады», - дейді қорғаушы. 

Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева бала құқығының бұзылуына байланысты Бас прокуратурадан шара қолдануын өтініп ұсыным жолдаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әйтенов #әкім #астана
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);