AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы апа...

Үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы апат бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Алматы 24.05.2026, 10:28 501
Үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы апат бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды
әлеуметтік желіден

Алматыда үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты тергеу жалғасып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс бойынша үш қылмыстық іс қозғалған.

Бірінші іс Zeekr көлігінің жүргізушісіне қатысты. Тергеу нұсқасы бойынша, ол мас күйде қарсы жолаққа шығып, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Оған 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Іс сотқа жолданды, алдын ала тыңдау 28 мамырға белгіленген.

Екінші іс Алматы полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты қозғалған. Ол қызметтегі әрекетсіздік бойынша күдікке ілінді. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған.

Үшінші іс мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілуі мүмкін деген дерекке қатысты тергеліп жатыр. Бұл бойынша 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы көзделген.

Еске салайық, қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылы мен Мендіқұлов көшесінің қиылысында болған. Апаттан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмды. Кейін әлеуметтік желіде жол апатына көше жарысы себеп болуы мүмкін деген болжам тарады. Осыдан кейін ІІМ Алматы полиция департаментінің бірқатар басшысын қызметінен босатып, қызметтік тексеріс бастады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);